Қарағанды облысында 150 гектар орман алқабы өртке оранды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 150 гектар орман-дала алқабы өртенді.
ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрт 13 мамыр күні таңертең Қарағанды облысы Осакаров ауданында болды. Жалын қураған шөп пен орман алқабының 150 гектар аумағын шарпыды. Тілсіз жау осы күні түнгі сағат онның шамасында ауыздықталды.
Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 3 техникасы, Теміртау орманшылығының 16 адамы мен 3 техникасы және ерікті өрт сөндіру жасағының 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.