Шымкентте «Конго-Қырым қанды безгегі, оның алдын алу жолдары және мәселелері» тақырыбында жиын өткізілді
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.Оспановтың, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбековтың басшылығыменкеше, 13 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында облыстағы мемсанэпидқадағалау қызметінің, денсаулық сақтау басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі аумақтық бөлім басшыларының қатысуымен «Конго-Қырым қанды безгегі, оның алдын алу жолдары және мәселелері» тақырыбында жиын өткізілді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жиында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Конго-Қырым қанды безгегінің (бұдан әрі - КҚҚБ) табиғи ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы кешенді іс-шараларды ұйымдастыру, жүргізу, мүдделі әр түрлі қызметтер мен ведомстволардың КҚҚБ мәселелері бойынша өзара іс-әрекеттер қатынастығы талқыланды.

2010 жылы осы кезеңде КҚҚБ-ның 8 жағдайы тіркелсе, биылғы жылдың өткен уақытында 1 жағдай тіркелді. Облыста кенеге қарсы залалсыздандыру бойынша едәуір жұмыстар ОҚО сараптау орталығының күшімен жүргізілуде: 35 елді мекенде 33 840 660 шаршы метр жер көлеміне санитарлық қорғау шеңбері құрылды; 9 41 456 (100 % ) бас ірі қара мал, түйе, жылқы бүркіліп, 19 124 340 (100%) шаршы метр қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар өңделді, 1 932 363 (54%) бас уақ мал тоғытылды. Нәтижесінде адамдарды кене шағу 3,5 есеге азайды, биылғы жылы 2 156 адам емдеу мекемелеріне жүгінсе, өткен жылы осы мезгілде 7 554 адам жүгінген. Барлығы 16 322 кене жиналып, соның ішіндегі зерттелгендердің 4,6%-нан КҚҚБ вирусы табылды.
Облыста кеңінен санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде, 15 лекторлық тобы құрылып, аудандарда 483 семинар өткізілді, аула аралап халыққа кеңінен түсіндіріліп 9 211 парақшалар, 4 000 жадынамалар таратылды. Облыста жаңа иммундалған плазманың және рибовирин дәрісінің қоры жеткілікті мөлшерде жабдықталған.
Жиынның қорытындысы бойынша КҚҚБ-ның табиғи ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы елді мекендердің айналасында санитариялық қорғаныш және буферлік аймақтарын жасау, мал және мал қора-жайларын кенеге қарсы өңдеу, кене шаққан адамдарға уақытында жедел медициналық көмектесу, зертханалық диагностикалау, ауруханаға жатқызу және емдеу, кешенді іс-шараларды күшейту туралы нақты тапсырмалар берілді.