Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1889 0 пікір 14 Мамыр, 2011 сағат 06:14

Ауылдардағы өмір сүру жайлылығын қалалық деңгейге жеткізу қажет - Павлодар облысының әкімі

ПАВЛОДАР. 14 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше, 13 мамырда Ақсу ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданында болып, әлеуметтік нысандардың жұмысына тексеріс жасады, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Б.Сағынтаевтың мектептер, клубтар, дәрігерлік тіректер мен дүкендердің жағдайына көңілі толды. Ол сонымен қатар, өткен жылы ауылдықтар тарапынан көтерілген мәселе - ауыл тұрғындарын дәрігерлік препараттармен қамтамасыз ету де жақсы жолға қойылғанына көз жеткізді. Стационарлық дәріханаларды ұстау шығынды болып табылатын шағын ауылдарға дәрі-дәрмектерді апта сайын «көшпелі дәріхана» жеткізіп тұрады.

Ауылдардағы кездесулер кезінде аймақ басшысы кішігірім елді мекендерде шаштараз, киім жөндеу және аяқ-киім жөндеу шеберханаларын ашу қажеттілігі туралы мәселе көтерді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша тұрмыстық қызмет көрсету саласында өз бизнесін ашқысы келетін ауылдықтар мемлекеттен қолдауға ие болады. Әкімнің ойынша, ауылдардағы өмір сүру жайлылығын қалалық деңгейге жеткізу қажет.

Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлермен Б.Сағынтаев етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын талқылады. Ол үшін Ақсу аймағы мен Ақтоғай ауданында барлық мүмкіндіктер бар. Мемлекет шаруашылықтарға жеңілдетілген несиемен көмектеседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522