Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2288 0 пікір 14 Мамыр, 2011 сағат 06:15

Батыс Қазақстанда әуе бомбасына ұқсас заттар мен снаряд табылды

ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөкей ордасы ауданы Шоңай ауылының тұрғыны елді мекеннен 12 шақырым жерде әуе бомбасына ұқсас заттар тауып алды.

Оқиға орнына төтенше жағдай, құқық қорғау органдары өкілдері келіп, күзет қойылды. Облыстық ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің мамандары табылған заттардың әуе бомбасы бөліктері екендігін анықтады. 12 мамырда саперлер жарылғыш заттың көзін жойды.

12 мамырда Зеленов ауданына қарасты Новенький ауылы шетінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде екі бірдей артиллериялық снаряд табылды. Мамандардың болжауынша, бұлар азамат соғысы уақытынан қалған болуы керек. Мұнда да сақтық шаралары қолға алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141