Су тасқынынан зардап шеккендерге бөкейордалықтар көмек көрсетті
ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға Бөкей ордасы ауданының тұрғындары да көмек көрсетті.
Аудан әкімі Рахман Кариннің ұсынысымен мекеме-ұйымдар қызметкерлері 2,744 млн. теңге көлемінде бір күндік жалақыларын аударса, тұрғындар Тасқала ауданына 106 қой жинап берді. Бөрлі ауылындағы шаруа қожалығының басшысы Исатай Сисенғалиев тірі «жүкті» жеткізу шығынын мойнына алды. Аудандық мәслихат депутаты Тілеген Арыстанбеков бастаған топ тасқалалықтарға мал мен қаржыны табыс етті. Қой сол бойда Қазақстан және Тасқала ауылдық округтері тұрғындарына бөлініп берілді.
«Біз негізі жүз қой апаруға тиіс едік, оны асыра орындадық. Сондай-ақ Ақжайық ауданы Алғабас ауылы тұрғындарына алты ірі қара жеткізілді. Бұл халықтың шынайы ықылас-ынтасымен жасалып отыр», деді Р.Карин.