Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Араша 5147 5 пікір 11 Ақпан, 2019 сағат 12:43

«Заңсыз салынып жатқан полигон құрылысы тоқтатылсын!»

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ Б.М. САПАРБАЕВҚА

БАЙҒАНИН АУДАНЫ ӘКІМІ А.Т.ШЕРИЯЗДАНОВҚА

Құрметті Б.М.Сапарбаев мырза! Заңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер заңда көрсетілгендей полигондарға берілмеуі тиістігі де қаралған. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне араласуына мүмкіндік беріліп отыр. Заңда жергілікті халық тиісті әкімшілік-бөліністің аумағында табыс көзі болып табылатын жердің меншік иесі болып табылатыны, демек тұрғындар өз ауылында, кентінде жоспараланып жатқан кез келген іске араласуы тиіс. Заңда халық экологиялық, демографиялық және өзге де зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін кез-келген кешен құрылысын жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілетіндігі көрсетілген.

Сөйте тұра, қазіргі кезде «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і Ноғайты ауылынан 18 шақырым жердегі «жер асты су қоймасының» территориясынан мұнай қалдықтарын өңдеп және залалсыздандыратын полигон құрылысын жүргізіп жатыр. Полигонның жалпы ауданы – 5 га, жобаланып жатқан жер телімінің жалпы ауданы – 3 га, бұрғылау қалдықтарының фракцияларының сұйық ертінділерін қабылдауға арналған қарта аумағы – 1600 кв. м. Сұйық мұнай қалдықтарын қабылдауға арналған карта ауданы – 400 кв. м. Әрқайсысының сыйымдылығы – 4400 куб.м. Олар халықтың қарсылығына қарамастан осындай полигон құрылысын іске асырмақшы. Ал, бұл территория астында «алып тұщы су қоймасы» орналасқан.

Су қоймасы: «Ноғайты – Жамансор ауыз су тасымалдау өндірістік мекемесіне» қарайды. Ноғайты – Жамансор ауыз су тасымалдау өндірістік мекемесі 1973 жылы іске қосылып, осы кезеңге дейін жұмыс жасап келеді. Мекеме, Батыс Қазақстан темір жолының ВОДЧ-4 бөлімшесі ретінде Ноғайты территроиясындағы «Қырдасын» маңынан шығатын, скважинадағы жер асты тұщы суын пайдаланып келеді. 1994 жылғы мәлімет бойынша су желісінің ұзындығы 168 км. Бүгінгі таңда мекеме тәуілігіне 6 скважина 2000-3000 куб. метр суды Ноғайтыдан көрші Атырау облысының Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор елді-мекендеріне және сол өңірде орналасқан басқа да жеке шаруашылықтарына, сондай-ақ НОД-4; 265; 279; 333; 377 бекеттеріндегі халыққа жеткізіп отыр. Қазіргі кезде бұл су тасымалдау кешені ауылдың инфрақұрылымдарының бірі ретінде оның әлеуметтік өміріне пайдасын тигізіп 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған өндірісті мекемеге айналып отыр. ТӨМЕНДЕГІ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

1. Бізге жеткен мәліметте полигонға рұқсат «Эко Ойл Трейд» ЖШС-іне 12.08.2016 жылы Ноғайты ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратында өткен қоғамдық тыңдалымда берілген. Өкініштісі, бұл жалған мәлімет. Қоғамдық тыңдалым өтпеген. Құжат халықтың ту сыртынан жасалған.

2. Сонымен қатар, Экология департаментімен тексеру барысында мұнайы бар қалдықтырды кәдеге жарататын және қайта өңдейтін полигонды салу кезеңінде (15.11.2018 ж. бастап 06.12.2018 ж. дейін) қоршаған ортаға шығаруға қатысты құрылыс жұмыстарының қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз жүргізілгені анықталды. Сөйте тұра, осы заңсыздықты ескермей, 06.12.2018 ж. Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен рұқсат берілген. Демек, Н.Аққұл берген құжат ЗАҢНАН ТЫС. (Қараңыз: Облыс прокурорының 1-ші орынбасары А Дүйсембековтың құжаты. Шығыс: 13.12.2018. №2-03-18-13311). Сөйтіп, «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і ҚР Экология Кодексінің 69-бабы 1-бөлігі талаптарын бұзған. (Бұл да сол құжатта).

3. Аталмыш заң бұзушылықтар бойынша «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 328-бабымен – экологиялық рұқсатта белгіленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі және экологиялық рұқсаттың болмауы» бабымен «ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ» тартылып, оларға қоршаған ортаға келтірген залал шығыны бойынша «НҰСҚАМА» жолданған.

4. Демек, Покуратура құжатымен заңсыздыққа жол берген «Эко Ойл Трейд» ЖШС-іне Н.Аққұл мырза ЗАҢНАН ТЫС құжат берген.

5. Сондай-ақ, «Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі» басшысының м.а. Г.Ү. Даулетованың құжатында: Ноғайты ауылына қарасты Қырдасын мекенінде орналасқан «Эко Ойл Трейд» ЖШС-нің полигонның құрылысына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілмегендігі туралы хабарлайды. (қараңыз: Шығыс №19-18-3/к/е-204. 27.11.18 ж.). Ендеше полигон құрылысы дереу тоқтау керек!!!!

Полигон құрылысына қарсылық білдіріп Ноғайты, Ебейті, Айрық, Қопа ауылдары халқы қол жинады. Бұл жерлер өңір халқының «мал жайылымы», жернің асты болса тұтынып отырған «ауыз су» көзі. Өз жерінде жүріп, біреудің отына жылынғандай күй кешіп, құзырлы органдарға ықпал етердей сөзінде де, ісінде де пәрменінің жоқтығы ауыл халқын ашындыруда. Талапқа сәйкес келмейтін «ашық-тесік» қырық жамау полигон құрылысының елді-мекеннен әкетілуін және халық пікірі ескерілмей белден басатын болса, аймақтағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалды ушықтырушы басты фактор жобаны іске асырушы болатынын айтып, мұнан туындайтын барлық жауапкершілікті соларға жүктейтінін де ескертуде. Бұған қоса қараусыз қалған ұңғымалардан мұнай қалдығының ағуы да әр жерден орын алып отырғаны жасырын емес. Өз кезегінде – әділет, адалдық, кісілік туралы ұғымдар аяқ-асты етіп, халық сөзін сөйлейді деген жергілікті «өкілетті билік» халықтық мәселеде өздерінің бейжайлығымен сол дерттің «таратушысына», «жебеушісіне» айналғандарын, осындай заңсыз салынған полигондар есебінен айнала қазақ ауылы тозып, ел иесі, жер иесі жалпы жұрттың тұрмыс-ахуалы күн озған сайын төмендеп, айнала малдарының қырылып жатқанынын да айтуда.

Құрметті Б.М.Сапарбаев мырза! ҚР Энергетика Министрі бізге берген жауабында: «Облыс көлемінде мұнайқұрамдас қалдықтарды орналастыру мен залалсыздандыру нысандарына жер бөлу қажеттілігі жоқтығын» айтып отыр (Шығыс 01-05-6/1297 К; 15.05.2015). Жерді меншіктеу мәселесі өзекті болып отырған тұста бұл жағдай кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық: «Полигон жобаланған жер асты көзінен суын ішіп отырмыз, бұл жерге біздің малымыз жайылады. Ал мал ауырып қалса немесе уланып өлсе, оған кім жауап береді? Жерді бүлдіріп кеткендер халықты ойламайды, қалтасын ойлайды. Жерімізді ластамақшы «Эко Ойл Трейд» ЖШС–і мекемеcі неге жауапкершілікке тартылмайды?», – дейді жергілікті тұрғындар. «Эко Ойл Трейд» ЖШС–інің заң бұзған істері құзырлы органдардың құжаттарымен расталғанын жоғарыда келтірдік. Біздіңше, басым халық қолдамаса бұл жоба тоқтауы тиіс, себебі заң солай дейді. Көпшілік полигон құрылысының жүргізілмейтіне сеніп, өзіңізге үміт артады. Жауабыңызды күтеміз.

Н.Қошаманұлы

Дәрігер, «Ядролық апатқа қарсы Халықаралық 
Невада-Семей қозғалысы»-ның эксперттік және 
облыстық Жер Кодексіне қатысты құрылған 
«Үш жақты» комиссиясының мүшесі.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3529