Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әңгіме 4095 18 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 12:00

Қостанайлықтар қарапайым дәрігердің атына көше бермекші

Ел еңсесін тіктеді. Қоғамға баға беретіндей жағдайға жетті. Әсіресе, Қостанайдың қаймана қазақ, ақсақал қауымы жаңа келген кісіден аса үмітті екені көрініп-ақ тұр. Бұл кісі анау айтқандай осал емес, аузын уәде беріп айға да білемейді, ұлттық мәселеге келгенде өзге халықтың қыбын табуға да аса белсенділік танытпайды,  айтарын төтесінен қойып орындата білуі қарапайым жұртқа тиімді.

Бас-көзсіз ерлікке бара салу қиындау әрине. Шаһарымыз көп ұлтты демекші, бір күні әріптестерімізбен лездемедеміз. Сол кездегі редакторымыз сөйлеп отыр. Редакциядан жуналистердің бірін көппартиялы кеңестің іс-шарасына шақыртыпты. Әңгіме сол жайында.

- Аумалы-төкпелі уақытта көсегеміз енді көгеріп, жетпіс жылғы бұғаудан жаңа қазақ болдық қой. Соған қоғам арасында өзінше килігетіндер бар, - деп қалмасы бар ма?!

- Сөйтеді олар. Кірмей жатып: «төр менікі» дегендердің ондай пиғылына етіміз әбден үйреніп барады, Жәке, - деп қостап қойды орынбасары намысты кейіпке ене түсіп.

- Міне, сол жерлерде осындай кісілердің пікірлерін назардан тыс жібермей, уақытында қарсы ықпал ету келешек үшін маңызды. Олар халқымыздың қас жауы, түсінікті ме, қас жауы, - деп «сен тұр, мен атайын» деген Қостанайдағы орыс белсенділерінің бірін қалдырмай тізіп шықты...

Жаңадан сайланған әкім тағайындалған күннің ертеңіне облыс басшысының қатысуымен халықпен кездескенін білеміз. Сол жиыннан кезінде есті ағаларымыз жөн сөз айтқан екен деген ой түйдік.

Жуырда ғана қаламыздағы білікті дәрігер Дмитрий Герасимов қыршыннан көз жұмған болатын. Актив жиынында ағамыздың жіпке тізіп кеткен әлгі белсенділері марқұмның топырағы суымай жатып, қаламыздағы даңғылға бергісіз «Гашек» көшесін сол кісінің атына ауыстыруды сөз етті. Ол жайында орыс тілді басылымдар жарыса жазды...

Кез келген жерден суырылып шығатын су жаңа әкіміміз Қайрат Ахметов бұл жерде де табандылық танытты. Ата заңымызға сүйеніп, бұл мәселе бес жылсыз қозғалмау керектігін шегеледі.

Негізі, бұл көшенің атын ауыстыру көптен бері қозғалып келе жатқанын белсенді топ білсе керек-ті. Ол туралы қазақ басылымдарына талай рет басылды да. Жергілікті ғалым Қалқаман Жақып аталған көшені қазақтың тұңғыш дәрігері, жерлесіміз  Мұхамеджан Қарабаевтың атына беру туралы ұсынысын талай жерде көтеріп, бірнеше есікті тоздырғаны көз алдымызда. Сонда өзімізге келгенде неге осалдық танытады екенбіз? Бойымыздағы ұлттық намыс қайда ағайын? Герасимов қазақ халқы үшін не істеп қойды?

Айбек Жүзбай

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598