Қазақстан халқының 48 пайызы жұмыспен қамтылған - Г. Әбдіқалықова
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқының 48 пайызы жұмыспен қамтылған. Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, халықты жұмыспен қамтуға ынталандырудың жаңа тетіктерін іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл ретте индустрияландыру картасы шеңберінде 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ. Жаңа нысандардың құрылысы кезеңінде 207 мың адам оған тартылып, кейіннен жаңа кәсіпорындарында 161 мың жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылады»,-деді министр.
Оның айтуынша, еліміздегі индустриялық-инновациялық саясатты тиімді жүзеге асыру ең алдымен еңбек ресурстарына, олардың саны мен сапалы қамтылуына байланысты болмақ. «Қазақстан халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтар бойынша 164 млн. адамға жетті. Халықтың 48 пайыздан астамы -еңбекпен қамтылғандар. Оның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрайды»,-деді Г. Әбдіқалықова