Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 7123 16 пікір 13 Ақпан, 2019 сағат 11:40

Ер деп кімді айтамыз?

Қазақта бәрі бар. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Ерлер. Қазақ қоғамы өз басын күйттейтін Қатындардан шаршады.

Қазақ отбасы - Ерлерді тудырып, оларды Ер ретінде тәрбиелей алмай жатыр. Қазақ отбасында үш-ақ әңгіме айтылады: жақсы оқы, жақсы қызметке тұрасың, жақсы жалақы аласың. Бұл қандай әңгіме? Бұл - Қатындық әңгіме.

Қатын деп кімді айтамыз? Қатын деп өзінің нәпсісін тыя алмаған адамды айтамыз. Қатын - не Еркек, не Ұрғашы болуы мүмкін. Қатын бұл жерде жыныстық атау емес, рухани атау. Шатастырмаңыздар. Қатындық әңгіме - ешқашан тоймайтын, толмайтын, ашкөз - Дене(Тән)- Нәпсі- Қатын- Дұшпанның төңірегіндегі әңгіме. "Қатын- дұшпан жігіттер, не демес дейсің сыртымнан" (Махамбет).

Ал, Ер деп кімді айтамыз? Өзінің тән құмарлықтарын (нәпсісін) жеңе білген адамды айтамыз. Қазақ қоғамы қазір қай кезеңде де Ел тарихында шешуші рөл атқарған Ерлерге - Тұлғаларға зәру. Ерлердің жоқтығынан қазақ анасы жылап көшеге шықты! Өз қамын ғана ойлайтын Қатындар - қазақтың өскенін, өнгенін қаламайды! Олардың ойында бір-ақ шаруасы- ішсем, жесем, ұйықтасам.

Ал Ел үшін туып, Ел үшін өлетін Ерлер қайда? "Қатын бастаған көш қараң қалады" дейді дана қазақ. Қазақтың ұлы көші қараң қалып жатыр. Қараң қалмағанда несі қалды?! Қазақ көшінің бастау бұлағы, Елді өсіретін, Алыпты да, Президентті де, министрді де, елдің үстінен күн көрген депутат-шенеунікті де тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп Өмірге әкелген, ұлы Өмір сыйлаған қазақ анасы жылап көшеге шықты.

Қазақ қоғамы өзі тудырған Қатындар осы қоғамның түбіне жетпек! Рухсыздықтың, 27 жыл бойы Қарын мәселесін(Экономика) бірінші орынға қойған қате саясаттың улы, ащы жемісі!

Омар Жәлелұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613