Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5380 2 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 12:00

Кредитке пәтер алып, оның ай сайынғы төлемін квартирантқа төлетіп отырған пысықтар бар

Спартак құлдарды көтеру үшін: - Сендер азат боласыңдар. Сол кезде сендердің де құлдарың болады,-деп, ұран тастайтыны бар...

Спартактың - құлдарға құлдарың болады,-деп қызықтыруын түсіне алмап ем. Құлдардың да, оны еліре қолпаштағаны түсініксіз болатын. - Кеше ғана құл болған адам, қалайша ертең біреуді құл қылғанды қалайды? Оның азабын өзі көрді, біледі емес пе,-деп басым жетпейтін...

Қарап отырсам, біз сол Спартактың құлдарынан ары кетпеппіз ғой.
Қараңызшы: Кеше ғана квартирант болудың қорлығын көрген қазақ, екі үй ала қалса, біреуіне квартирант кіргізіп қояды. Бар тапқанын қожайынға беріп жүрген квартиранттың да арманы осындай! Пәтерім болса, жалға беріп қойсам,-дейді. Құлым болса,-деп армандайтын құлдан не айырма бар?

Қала сыртындағы районға барыңызшы. Үйі барлар - ауласына жәман-жәман вагон, контейнерлер қойып тастаған. Соларға 30 мың теңгеге адам тұрғызады. Мұндай қазақтан "айналасың" ғой. Кейбір пысықтар бар: кредитке пәтер алып, оны жалдауға беріп, ай сайынғы төлемін квартирантқа төлетіп отыр! Квартиранттардың арқасында квартирасының кредитін төлеп құтылғандар, осы арамызда да бар шығар?! Кім олар?! Анау да, мынау да қазақ! Өз ұлтыңның әзірге кедейлеу бір өкілінен, желкесіне отырып ап, пайда табу - арамдықтың шегі шығар?!

P/S: Бір бауырым бар. Ақшасын принципиалды түрде депозитке салмайды. Неге?! Депозиттегі ақшам өз-өзінен өспейді. Банктегілер де өз қалтасынан төлемейді. Менің депозитімді тура мен сияқты бір байғұс күн-түн пахать етіп өсіреді. Біреудің зары, терімен ақшамды өсіріп не істеймін,-деп еді...

Нұрбек Бекбаудың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641