Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жағымды жаңалық 3004 1 пікір 20 Ақпан, 2019 сағат 12:36

Алматыда көпбалалы отбасылар 2 пайызбен баспаналы болады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен жыл сайынғы есепті кездесуі кезінде қаладағы көпбалалы немесе толық емес отбасыларды қолдауға бағытталған тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты.

Әкім қалалықтарға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Оның айтуынша, Алматыда «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады.

«Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасының көпшілігі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлей алмайтындықтан қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі. Алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, төлем 18 жылға 2%-бен. Біз өткен екі жыл ішінде «Алматы Жастары» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырдық. Құны 10 миллионға дейінгі 238 пәтер жас отбасыларға 5%-дық несиелермен берілді. Бұл істе нақтылы тәжірибеміз бар», - деді  Бауыржан Байбек

Жаңадан салынған үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлерге ғана несиелер беріледі. Биыл Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтер беріледі. Бұдан өзге, ескі үйлер сүріліп, олардың орындарына жаңалары салынады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бес жыл ішінде 23 пәтер салу жоспарланған.

Айта кетерлігі, соңғы 3 жыл ішінде 10 мыңнан астам  алматылық отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Оның ішінде 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінді, 8 мыңнан астамы жеңілдетілген ипотека бойынша таратылды. Жаңа қонысқа ие болғандардың 40%-ы әлеуметтік жағдайы төмен категориядағылар: 2375 пәтер көпбалалы және толық емес отбасыларға, 564-і мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345 пәтер жетім балаларға, 165 пәтер зейнеткелер мен ардагерлерге берілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615