Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1980 0 пікір 19 Мамыр, 2011 сағат 04:59

ТМД кеңістігінде өнеркәсіптік өсу қарқыны бойынша Беларусь алда келеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 19 мамыр. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -  2011 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына сүйенсек, Беларусь өнеркәсіптік өсу қарқыны бойынша ТМД елдері арасында көш бастады, бұл елде  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп 11,8 пайызға артқан.

ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екінші орынға өсу қарқыны 9,7 пайызға жеткен Украина, үшінші орынға 6,2 пайыздық көрсеткішпен Өзбекстан шықты.

6 пайыздық өсіммен Қазақстан төртінші орында, 5,9 пайыздық көрсеткішпен Ресей бесінші орында тұр.

Орташа есеппен ТМД елдері бойынша 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы өнеркәсіптік өндіріс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға артқан.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4154