Жексенбі, 24 Қараша 2024
3664 0 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 12:47

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

24 ақпанда Лос-Анжелестегі Долби театрында Америка кино академиясының «Оскар» жүлдесі 91-ші рет тапсырылды.

Айта кетерлігі, салтанатты шара 30 жылда тұңғыш рет жүргізушісіз өтті.

Режиссер Питер Фарреллидің пианист Дон Ширли мен көлік жүргізушісі Тони Валлелонг арасындағы достықты көрсеткен биографиялық «Жасыл кітап» драмасы «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алды.

«Шет тіліндегі үздік фильм» санатында Альфонсо Куаронның «Рома» (Мексика) фильмі жеңген. Осы фильм үшін Альфонсо Куарон «Үздік операторлық жұмыс» және «Үздік режиссер» санаты бойынша тағы екі «Оскарды» иемденді.

«Қара пантера» үздік костюм дизайны, үздік қоюшы-суретші жұмысы және үздік музыка (Людвиг Йоранссон) үшін үш «Оскарға» ие болды.

«Богем рапсодиясы» да үш жүлде алды. Бірі үздік монтаж үшін, қалған екеуі үздік дыбыс үшін берілді.

Осы фильмнің бас кейіпкері Фредди Меркьюриді сомдаған Рами Малек «Үздік актер» үшін бірінші «Оскарын» алды. «Фаворит» фильмінде ойнаған рөлі үшін «Үзлік актриса» номинациясын Оливия Коулман алды. Коулман үшін де бұл – тұңғыш «Оскар».

Қалған номинациялар бойынша нәтиже мынадай:

Екінші пландағы үздік актер – Махершала Али («Жасыл кітап»);
Екінші пландарғы үздік актриса – Реджина Кинг («Бил-стрит сөйлей алса»);
Үздік анимациялық толық метражды фильм – «Өрмекші-адам»;
Үздік анимациялық қысқа метражды фильм – «Бао»;
Үздік деректі қысқа метражды фильм – «Нүкте. Сөйлемнің соңы»;
Үздік вижуал эффектілер – «Айдағы адам»;
Үздік көркем қысқа метражды фильм – «Тері»;
Үздік ән –  «Жұлдыз туды» фильміндегі «Shallow» әні.

Қазақстан атынан ұсынылған Сергей Дворцевойдың Мәскеудегі қырғыз мигрант қызының тағдыры туралы «Айка» драмасы бұл санатқа енбей қалған. «Айка» фильмі бұған дейін «Шетел тіліндегі үздік фильм» жүлдесінен үмітті тоғыз картинаның қатарында шорт-листке енген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563