Жексенбі, 24 Қараша 2024
3372 0 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 14:17

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі әйел отандық өнімді облыс көлемінде ұлғайтуға ниетті

Жылына 1000 етік тігетін мүмкіндігі шектеулі әйел
Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тұрғыны Орынгүл Баратжан отандық өнімді көбейтіп, ерлер мен әйелдердің жылдың кез-келген мерзімінде киетін аяқ киімдерін тігуде. Керек шикізаттарды Талдықорған, Алматы қалаларынан алдырады.

«Тұрмыс құрып еншімізді бөлгеннен кейін, біз қатты қиналдық. Ауылда қоғамдық жұмыста істеп жүріп өз кәсібімді ашсам деп армандайтынмын. Осы арман мені алға жетелеп, кәсіпкерлер палатасы арқылы оқып, өз кәсібімді бастадым. Басында «әйел адам аяқ киім тігушіма еді» -, деп барлығы маған күле қарайтын, алайда мен ешқашан мойыған емеспін» -, дейді Орынгүл.
Қазіргі таңда «Ақиқат» аяқ-киім шығару цехында жолдасы екеуі қана, осы уақытқа дейін 8 адамға аяқ киім тігу техникасын үйреткен. Алдағы уақытта кәсібін үлкейтіп, шикізаттың барлығын өзім өндірсем және цехын үлкейтіп, 30 адамды жұмыспен қамтысам деген ниеті бар.
Күніне оннан көп тапсырыс келіп түседі. 7 жылда 7000 аяқ киім тіккен. Бағалары қол жетімді. Кәсіпкердің сөзінше, ол өз ісінде тауар сапасына көп көңіл бөледі.

— Бізден сатып алынған аяқ киім 5 жылға дейін киіс береді. Сонымен қатар, 1 жылға дейін кепілдеме береміз. Тұтынушылардан бүгінге дейін шағым не ескерту естіген жоқпыз. Дегенмен, заманауи стандартқа сай жұмыс жасау үшін бізге жаңа құрылғылар қажет, — деп кәсіпкер өз ойымен бөлісті.
Бүгінде 4 баланың анасы, 3 топтағы мүгедек Орынгүл 2012 жылы аяқ киім шығару ісін зерделей бастаған. Кәсіби шебер өзінің отандық өнімінің шығарылымын көбейтіп, алдағы уақытта аудан ғана емес жалпы облыс көлемінде ұлғайтуға ниетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563