Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1919 0 пікір 20 Мамыр, 2011 сағат 07:10

Қытай ЕҚДБ мүшесі болуға ниетті - ҚХР халық банкінің халықаралық бөлімінің басшысы

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қытай ЕҚДБ  мүшесі болуға ниетті. Бұл жайында Еуропалық қайта құру және даму банкі басқарушылар кеңесінің отырысында ҚХР Халық банкінің халықаралық бөлімінің басшысы Чжан Тао мәлім етті.

Оның пайымдауынша, ЕҚДБ елдерінің тәжірибесі Қытай үшін айтарлықтай пайда келтіруі мүмкін. Осы орайда ол аталған бастама екі жаққа да тиімді болатынын жеткізді.

«Қытай әлемдік экономикаға айтарлықтай тығыз ықпалдасқан біз Еуропалық Одақ үшін ірі әріптес болып табыламыз»,-деді Ч. Тао.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қытайдан Еуроодаққа, сондай-ақ Еуроодақтан Қытайға қарай инвестиция ағыны айтарлықтай жоғары дәрежеге жетті. Қытайдың ЕҚДБ құрамына енуі үшін бірқатар себептер бар екеніне тоқталған ол, бүгінде экономиканы басқару бойынша Қытай елеулі өзгерістерге қол жеткізгендігін, соңғы 30 жылда ҚХР-дің бұл бағыттағы дамуы айтарлықтай қарқынды екенін айтып өтті. «Біз, нық сенімді түрде нарықтық экономикаға ауысып жатырмыз. Осыған дәлел ретінде баршаларыңыз Қытайға келіп осы тың өзгерістерге көз жеткізе аласыздар»,-деді ҚХР халық банкінің өкілі.

Сондай-ақ ол Қытайда білікті кадрлық ресурстар бар екенін, даму жолындағы тәжірибе Еуропалық қайта құру және даму банкіне пайда келтіретініне сенім білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485