Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 5407 11 пікір 27 Ақпан, 2019 сағат 12:44

Н.Назарбаев: «Нұр Отан» – жарқын жетістіктердің партиясы

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Сөз басында биыл партия үшін ерекше жыл екенін айтқан Елбасы барша Съезд делегаттарын «Нұр Отанның» 20 жылдығымен құттықтады.

– Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. 1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде қалды. Тарих өлшемімен қарағанда 20 жыл көп уақыт емес. Бірақ біз үшін біраз дәуірге пара-пар. Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдайды өздеріңіз де жақсы білесіздер. Тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап еткен заман болды. Тәуелсіздігімізді нығайтып, маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден бір саяси күшке айналып, жұмысын істеп келе жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы «Нұр Отан» партиясының мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келе жатқанына назар аударып: «Нұр Отан» – толағай табыстың және болашаққа жол ашатын жарқын жетістіктердің партиясы», – деді.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезі өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 2000-нан астам делегат қатысуда. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданып, алдағы бағыт-бағдары айқындалады деп жоспарлануда.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552