БҚО-да ауыл шаруашылығында негізінен мал өнімдері өндіріліп отыр
ОРАЛ. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 8867,6 млн. теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілсе,соның дені (8864,5 млн. теңге) мал өнімінің үлесіне тиеді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жыл басынан бері тірілей салмақпен алғанда 18,9 мың тонна ет (103,6 пайыз), 37,8 мың тонна сүт (101,2 пайыз), 39,7 млн. дана жұмыртқа (105,3 пайыз) жұмыртқа өндіріліп отыр. Ет өндіруден Жаңақала (17,6 пайызы), Ақжайық (13,2 пайызы), Зеленов (12,6 пайызы) аудандары алда болса, сүттен Теректі (19,6 пайызы), Зеленов (17,7 пайызы), Бөрлі (13,7 пайызы) аудандарының үлесі қомақты. Тауық жұмыртқасы өндірісі Орал қаласы маңында (55,6 пайызы) және Зеленов ауданында (25,7 пайызы) шоғырланған.
Биылғы 1 мамырға өңірде 464,7 мың бас ірі қара (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 93,6 пайыз), 873,6 мың қой (103,0 пайыз), 240,8 мың ешкі (95,8 пайыз), 78,4 мың жылқы (110,3 пайыз), 3,7 мың бас түйе (99,5 пайыз), 28,4 мың шошқа (91,7 пайыз) және 903,2 мың құс (99,7 пайыз) санаққа іліккен.