Сенат депутаты Бурабай демалыс аумағының экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді
АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенат депутаты Тасбай Симамбаев Бурабай демалыс аумағының экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Бүгін Парламент Сенатында «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы қаржысын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында депутат Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Руслан Бөлтіріковті осы мәселеден хабардар етті.
Оның айтуынша, Астана маңында халықтың ең көп баратын жері осы Бурабай. Оның үстіне биылғы жылы араб елдерінде болған және әлемнің өзге де аймақтарындағы түрлі апаттар мен жайсыз оқиғаларға байланысты республика халқы демалыстарын шет мемлекеттерде емес, елдегі демалыс орындарында өткізіп жатыр. «Ал ондағы экологиялық жағдай сын көтермейді. Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше мәрте көтерді. Алайда Бурабайдағы көлді тазалау шаралары әлі қолға алынбаған»,-деді депутат.
Сондай-ақ сенатор сөзінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы басты мәселелердің бірі - тұрмыстық және коммуналдық қалдықтармен байланысты екендігін атып көрсетті. «Бұл мәселе еліміздің барлық аймақтарында бар. Ал Астанада ол тіпті асқынып

тұр. Мүмкін бізге бір бесжылдық немесе үшжылдық науқан жариялап, қоршаған ортаға байланысты бөлінген қаржының қомақты бөлігін осы мәселеге жұмсау қажет шығар. Әйтпесе елорда маңында тынығатын да жер жоқ. Алматыда да солай. Жердің бетін тұрмыстық қалдықтар жауып тұр», -деді Т.Симамбаев.