Интернет-конференция: Сайран Қадыр
«Abai.kz» ақпараттық порталының бұл реткі қонағының есімі жалпы көпке беймәлімдеу болуы мүмкін. Сондықтан алдымен мейманымыз туралы қысқаша мәлімет бере кетелік.
Сайран ҚАДЫР - Моңғолияның Кувейт пен Шығанақ елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі. 1955 жылы Моңғолияда Баян-Өлгий аймағында туған.
Кәсіби дипломат. Мәскеу халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Мoңғoлия сыртқы iстeр Министрлiгiндe жәнe шeтeлдeрдeгi eлшiлiктeрдe 30-дaн aстaм жыл диплoмaтиялық қызмeт aтқaрғaн. Мoңғoлия Ұлы Құрылтaйының дeпутaты, Мeмлeкeттiк Ұлы Құрылтaй мүшeсi, Прeмьeр Министрдiң кeңeсшiсi бoлғaн. Атажұрттан алыстағы Қaзaқ диaспoрaсы aрaсынaн шыққaн aлғaшқы Төтeншe жәнe Өкiлeттi eлшi, Мысыр, Aрaб Бiрлeскeн Әмiрлiгi, Кaтaр, Бahрeйн, Сaуд Aрaбиясы, Oмaн, Изрaиль қaтaрлы eлдeрдe eлшi бoлғaн бeлгiлi қoғaм қaйрaткeрi, сaясaткeр.

Сайран Қадыр Моңғолиядағы қазақ жастарының алғаш рет Түркияда оқып-білім алуына ықпал еткен азамат. 1991 жылыдың қыркүйек айында Түркияға Қазақ КСР-нің президенті кезінде барған Нұрсұлтан Әбішұлына орайлы сәтін тауып жолыққан Сайран мырза Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құрып, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізу турасында ой айтып, идея ұсынған еді. Сайран Қадырдың сондағы айтқан ұсынысы бірер жылдың шегінде тиянақ тауып Қауымдастық та құрылды, Құрылтайлар да өтіп жатыр. Алайда, Сайран Қадыр елден әлі де жырақта жүр. Қанша жырақта жүргенімен оның жүрегі қазағым деп соғады, қазақ қоғамының жетістіктеріне қуанып, түйткілді жайттарға жаны ауырады. Ол қатарынан бірнеше рет өткен бұрынғы соңғы құрылтайлардың ішіп-жеуден артылмағанына қынжылып «Abai.kz» ақпараттық порталы мен Masa.kz инетернет газетіне сұхбат берген-ді (қараңыздар: Сайран ҚАДЫР: «Жүйе өзгермей бұл ұйымнан үміт күтіп қажеті жоқ»). Ендігі жөні - Сайран Қадырды «Abai.kz» ақпараттық порталының оқырмандарымен қауыштырып, сұхбаттастыру сияқты.
Құрметті оқырман, Сайран Қадыр мырзаға сауалдарыңызды әдеттегідей ашық жолдай беріңіздер. Сауал салмақты, ойлы, мәнді-мағналы болса, жауап та мазмұнды боларына шәгіміз жоқ.
«Абай-ақпарат»
АНЫҚТАМА. Сайран ҚАДЫР, Моңғол елінен Кувейт және Шығанақ елдерінде отырған төтенше және өкілетті елші. 1955 жылы Моңғолияда Баян-Өлгий аймағында туған
Кәсіби дипломат, Мәскеу халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған, Мoңғoлия сыртқы iстeр Министрлiгiндe жәнe шeтeлдeрдeгi eлшiлiктeрдe 30-дaн aстaм жыл диплoмaтиялық қызмeт aтқaрғaн, Мoңғoлия Ұлы Құрылтaй дeпутaты, Мeмлeкeттiк Ұлы Құрылтaй мүшeсi, Прeмьeр Министрдiң кeңeсшiсi бoлғaн, Дүниeжүзi Қaзaқ диaспoрaсы aрaсынaн шыққaн aлғaшқы Төтeншe жәнe Өкiлeттi eлшi, Мысыр, Aрaб Бiрлeскeн Әмiрлiгi, Кaтaр, Бahрeйн, Сaуд Aрaбиясы, Oмaн, Изрaиль қaтaрлы eлдeрдe eлшi бoлғaн бeлгiлi қoғaм қaйрaткeрi, сaясaткeр.