Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2220 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 05:25

Серік Ерғали. Жаңаша әліпби – ұлттық жоба

Жуырда қазақтың бас дыбыстанушысы (фонолог), филология ғылымдарының докторы,ЖҮНІСБЕК Әлімхан мырзамен ұшырасудың сәті түсіп, ол кісіден әліпби мәселесі жөнінде сұрағанымызда, оған тілгерлердің пәрмен күтіп, барлық шаруаға әзір отырғандығын айтты. Тек қана билік жағы шешімді кешеуілдетіп отырғандығын ескертумен шектелді де, тіліміздің дыбысын түгендеп, зерделеп жүрген кәсіпқой ғалым қоржынынан өзінің жаңа әліпби турасындағы тоқ етер еңбегін ұстата салды.

Елдің бар өмірін саясатпен шектейтін Кеңес құзырынан құтылсақ та, соның дағдысы бойымызға әбден сіңген секілді. Соңғы шешімді ғалымдар емес, билік айтатыны белгілі. Әрине, дыбыстың ғылыми негіздемесі мен зерттемесіне алуан пікірдің айтылатыны мәлім, десек те уәж бен сайқы дағдымыздан тілімізді құтқарғымыз келсе, осы саладағы пайымды кәсіпқой ғалымдарға айтқызуымыз керек!  Ондай жағдайда, Әлекең ұсынып отырған 28 дыбыспен (кешегі Ахаң әліпбиінен айырмасы жоқ) шектеліп, соны «латындауға» кіріскеніміз мақұл. Алайда, Әлімхан ағамыздың латындық нұсқасы біздің интернетке енгізу кезімізде, техникалық жағынан кәзіргі кирилшеден кем емес мәселені алдымызға жайып салды: фотосын түсірдік. Қазақы Ә, Ғ, І , Ң, Ө, Ш, Ұ, Ү әріптерінің латындық нұсқаларын компьютер теруішіне жаңадан енгізуге тура келмек, ал ол қыруар шығын мен уақытты талап етеді деген сөз.

Президент Н.Назарбаевтың болашақ әліпбид тұжырымында ағылшын әліпбиіне табан тіреу керектігін (ол ешқандай артық сызықша мен нүктенің болмауы жағында көрінеді) айтқанын да аңдап жүрміз, абзалы, өмірге барынша жуық және жайбасарлығымызға қамшы болар осы бағыт дұрыс болар ма екен?! Тілдің басты тұтынушысы, оқырман, сіз не дейсіз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435