Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2271 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 05:42

Өміржан Әбдіхалықұлы. Алаңды Алаштан қорғап, алақайлаған он сегіз

Қазақтың нанын жеп отырса да, су ішкен құдықтарына түкіріп, Қазақстанның Тәуелсіздігін, оның тарихын мойындағысы келмейтін, көзіңе көлгірсіп күле қарап, дербес саясатыңды қос қолдап қолдаған сыңай танытқанымен санасындағы тоң жібімеген, өздерін бұратана, жабайы халықты отарлаушы ақсүйек аса мәдениетті ұлы ұлт санайтындар  арамызда әлі бар екен. Бұл жолдар ұлтаралық татулыққа томпақ келеді десе, онда мен туған халқымның, Отанымның тарихындағы айшықты, айрықша Алашорда мен оның аяулы тұлғаларын таңдадым!

Не болды дерсіз? Айтайын.

Қазақтың нанын жеп отырса да, су ішкен құдықтарына түкіріп, Қазақстанның Тәуелсіздігін, оның тарихын мойындағысы келмейтін, көзіңе көлгірсіп күле қарап, дербес саясатыңды қос қолдап қолдаған сыңай танытқанымен санасындағы тоң жібімеген, өздерін бұратана, жабайы халықты отарлаушы ақсүйек аса мәдениетті ұлы ұлт санайтындар  арамызда әлі бар екен. Бұл жолдар ұлтаралық татулыққа томпақ келеді десе, онда мен туған халқымның, Отанымның тарихындағы айшықты, айрықша Алашорда мен оның аяулы тұлғаларын таңдадым!

Не болды дерсіз? Айтайын.

«Время» газетінде басылымның елеусіздеу соңғы беттерінің бірінде «Отстояли площадь» деген тақырыппен Милана Гузеева деген кісінің қысқа ғана мақаласы жарық көріпті. Онда Семейдің он сегіз тұрғыны қаланың орталық алаңын Алашорда қайраткерлеріне қойылатын мемориалдық ескерткіштен қалай қорғап қалғаны жайлы айтылады. «Время» газеті мұны Семейдегі сұмдық оқиға деп бағалап, үкіметтік емес ұйымдардың вице-президенті Николай Исаев дегенге сөз береді. Ол Семейдің орталық алаңына қойылады деп шешіліп, архитектор Едіге Рахмадиевтің Алашорда қайраткерлеріне арнап жасап жатқан мемориалдық ескерткішін «Идея жақсы. Бірақ, қойылатын орын тұрғындар арасында қатты қарсылық тудырды», дей келе, «Алып мемориалдық ескерткіш орталық алаңға қойылса, тұрғындар алаңнан айырылып қалар еді және ескерткіш театрды, әкімшілікті көрер көзден тасалап тастар еді», деп Семейге деген алабөтен махаббатын айрықша жеткізіпті. Сөйтіп, Николай Исаев: «Ақыры, «үмітсіз шайтан» деп қаланың 18 тұрғыны Мәдениет министрлігіне мемориалдық ескерткішті басқа жерге қою жөнінде  хат жаздық. Мәдениет министрлігі сөзімізге құлақ асқанда таңданысымызды жасыра алмадық. Мемориалдық ескерткіштің қайда қойылатыны белгісіз. Бірақ, орталық алаңға қойылмайтыны анық», деп Исаев жеңісіне масаттаныпты.

Біз осылайша, тарихымызды һәм тарихи тұлғаларымызды төрге оздыра алмай отырмыз. Ынжықтық па?! Ынжықтық! Ездік пе?!, Ездік! Азаттық үшін ақ жанын құрбан етіп, Қазақстанның бүгінгі территориясын құжатпен бекіттіріп, халқы үшін ұшан-теңіз еңбек етіп, сол жолда құрбан болған, Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына мерейтойлары тұспа-тұс келіп тұрған Алаш зиялыларын небары 18 адамнан қорғай алмай қор болып отырмыз.

Әлбетте, «қала тұрғындары қарсылығы» деген бет пердені жамылып отырған он сегіздің түпкі ой түсінікті. Қара тырнақтарынан хал кеткенше «Ортақ отаны Совет одағы, өздері аға халықтың өкілі» екенін қасарыса қайталау, қазаққа «көшіп-қонып жрген бұратана екенін» оның тарихына қарсы шығу арқылы бетіне басып отыру. Басқа түкте емес. Әйтпесе, XX  ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов Жетішатыр деп айтатын қазақтың сол замандағы қоғамдық-саяси, мәдени-рухани астанасы болған Семейге сол тұстағы қала тұрғындары өз қалауларымен «Алаш» қаласы деген атау бергенін, «Алаш» қаласы Алашорда ұлттық территориялық автономиясының яғни жаңа заманғы қазақ мемлекетінің тұңғыш астанасы болғанын бүгінгі Семейдің тұрғындары білмейді емес, біледі. Өкінішке қарай, қалың қазақтың мекені - Семейдің сөзін қазақты отар көретін он сегіз сөйлеп, билікті тұқыртқандарын тойлап жүр. Біз болсақ, Әлиханның ескерткішін Ақорданың алдына қоймады, Смағұл Сәдуақасұлының мәйіт-күлін уақытында жер қойнына бермеді, Алаш зиялыларының мерейтойлары туралы ләм деп ауыз ашпады деп билікке бұртиямыз. Ал, бағыңды ашар билігің он сегіздің айтқанын екі етпей, құлдық ұрып жүр.

Айтарға сөз жоқ!

Ойлан, Алаш баласы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6196