Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4122 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 06:13

«Жас тұлпар» жастар сайты

http://zhastulpar.kz/

Тақырыптық номинациясы:жаңалықтар, саясат, сұхбаттар;

Ресурстық тілі: қазақша;

Ашылған уақыты: 2011 жыл;

Бас редакторы:;

http://zhastulpar.kz/

Тақырыптық номинациясы:жаңалықтар, саясат, сұхбаттар;

Ресурстық тілі: қазақша;

Ашылған уақыты: 2011 жыл;

Бас редакторы:;

Құрметті оқырман!
Қазақ тіліндегі интернет - порталдың қатары тағы бір сайтпен толықты.

ХХ -ншы ғасырдың 60 - жылдары Мәскеуде оқыған қазақ студенттері «Жас Тұлпар» ұйымын құрған. Болатхан Тайжан, Мұрат Әуезов, Мақаш Тәтімов бастаған қайраткер жастар сол кездегі кеңестік идеологияның қыспағына қарамастан, алғаш рет ұйым құрып, қазақ ұлты өмірінің маңызды мәселелерін талқылап, ұлттық тарих пен ана тілі туралы көкейкесті ой-пікірлерін ортаға салды. Қазақстанмен байланыс жасап, студент жастардың басын қосып, өз білімдеріне сәйкес әр түрлі баяндамалар жасап жүрді. Жер-жерде түрлі кездесулер, салтанатты кештер өткізіп, бұған қазақстандық студенттерді көптеп тартып, шын мәнінде өзіндік дербес ұстанымы бар қоғамдық қозғалыс ретінде көзге түсті.
Сол «Жас Тұлпар» қозғалысының саяси идеологтарының бірі болған, мемлекет және қоғам қайраткері, кәсіби дипломат, ұлт жанашыры Болатхан Құлжанұлы Тайжан көзі тірі болса биыл 70 толар еді. Қашан да тәуелсіздік үшін, ұлттық мүдде үшін, қазақ үшін қызмет еткен Болатхан Құлжанұлының есімі қазақтың жаңа тарихында алтын әріптермен мәңгілікке жазылады. Осы мерейтой қарсаңында Кереку қаласы жастарының бастамасымен ашылған сайтымызды Бөкеңнің құрметіне «Жас Тұлпар» деп атадық.
Қадірменді азат елдің азат ойлы жастары! ЖАС ТҰЛПАР сенің саяси мінберің! Қазақтың мақсатын, қазақтың мұратын, қазақтың арманын, қазақтың позициясын ЖАС ТҰЛПАРДЫҢ мінберінен айтыңыз! Тың ой, жаңа идея, батыл пікір күтеміз!
Сайтымыздың оқырманы болғаныңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441