Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3214 4 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 12:55

Министрлер ауыл - аймаққа өз аяғымен барып, нақты жағдаймен танысқаны дұрыс!

Президент өзінен кейін қосымша түсіндіруді қажет етпейтіндей бастамалар көтеруі керек қой! Бюджет ақшасына ел аралап жүрген делегациялар президенттен артып не айта алады?! Елдің де бүгінде көкірегі ояу, көзі ашық: қосымша түсіндірусіз де бәрін өздері түсінеді! Және де президенттің саясатын жүргізіп отырған жергілікті әкімдіктер бар емес пе? Олар түсіндіре алмай ма?

Жалпы мұндай ұйымдасқан сапарларды ескінің рецидиві деп білемін!

Әрине, Астанадағы министрлер ел ішіне барып, ол жақтағы тұрмысты өз көзімен көргені дұрыс. Бірақ жұртты бір залға жинап алып, баяндама жасау рапортомания мен көзбояушылыққа көбірек ұқсайды. Одан гөрі ауыл - аймаққа өз аяғымен барып, нақты жағдаймен танысқаны дұрыс болар!

Әлеуметтік желілер тағы бар. Мәселен, үкімет топтары неге осы Фейсбукте тікелей эфирге шығып, жұрттың сұрақтарына жауап бермейді? Олармен облыс орталығындағы кездесуге ауыл-аймақтан бара алмайтын қаншама адам бар?!

Әміржан Қосанның facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618