Жексенбі, 25 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2685 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 04:59

Қызылордалық дзюдошылар қоржынында - ҚР чемпионатының 3 алтын, 1 күміс және 6 қола медалі

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Дзюдо күресінен 1997-1998 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 3 алтын,1 күміс және 6 қола медаль алып қайтты. Бұл туралы облыстық туризм және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады.

Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Сыр бойының спортшылары жоғарыдағы медальдар саны бойынша командалық екінші орынға шықты. Ал  бірінші орынға Тараз қаласының дзюдошылары ие болса, үшінші орынға Шымкент шаһарының спортшылары орналасты.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2863
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4606