Жексенбі, 24 Қараша 2024
3199 0 пікір 15 Наурыз, 2019 сағат 12:28

Наурыз мерекесі Өскеменде үш күн бойы тойланады

Наурыз мерекесі биыл Өскеменде өзгеше атап өтіледі. Қалалық әкімдіктің Ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, жылдағыдай киіз үйлер тек мереке күні емес, қаланың орталық алаңында үш күн бойы тігіліп тұрады. Өкемендіктер киіз үйлерді еркін аралап, ішіндегі бұйымдармен таныса алады. Шағын қазақ ауылында алтыбақандар орнатылып, салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған шаралар өткізіледі.

Бірінші күн «Дәстүр күні» деп аталап, бұл күні ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың көріністері бар шаралар ұйымдастырылады. Екінші күн «Келісім күні» аталып, Қазақстанды мекендейтін этностардың мәдениетінен сыр шертетін шаралар өтеді. Үшінші күн, яғни «Ұлыстың ұлы күні» Наурыз мейрамының мән-мағынасын барынша ашуға арналады.

Үш күн бойы орталық алаңда жеті қазынаны құрайтын жылқы, тазы ит, қыран бүркітпен суретке түсуге болады. Балалар мен жастар үшін алтыбақандар құрылады. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Ұлыстың ұлы күнін атап өту бойынша арнайы кеңес өткізіп, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Мейрамның негізгі күнінде орталық алаңда Елбасының мақаласына сай, Ұлы даланың 7 қырын ашып көрсететін 7 киіз үй тігіледі.

Атап өтерлігі, киіз үйлердің барлығы есіктерін айқара ашып, этнографиялық көрме форматында жұмыс істейтін болады. Қала басшысы кеңеске қатысқан кәсіпкерлерді өз нысандарына мерекелік безендіру жүргізіп, Наурыз мейрамына орай жеңілдіктер жасауға шақырды. Бизнес құрылымдарын ынталандыру мақсатында қалалық әкімдік үздік мерекелік безендірілген нысандардың арасында байқау жарияланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646