Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3248 3 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 14:22

30 жыл қанды қақтығыстарды тек теледидардан көріп, бейбіт өмір кештік...

Елбасы елінің алдында еңсесі биік, абыройы асқақ күйде осынау жауапкершілігі қара жерден де ауыр қиын қызметтің әдемі нүктесін қойды.
Кезінде тәуелсіздіктің жылнама парағын өзі ашып еді. Қиын-қыстау кезеңде қиядан жол тапты. Өгізді өлтірмеді, арбаны сындырмады. Қырық-пышақ қырқыстарға, арамой араздықтарға ұрындырмады. 30 жыл қанды қақтығыстарды тек теледидардан көріп, бейбіт өмір кештік. Шекарамызды нықтадық, Астанамызды салдық, Болашағымызға бардық. Тариx дейтін алыптың өлшемімен қарағанда, талай-талай табысқа табан арттық.

Осынау игіліктің бәрінде әуелі Алланың берген игілігі болса, одан соң Елбасының ерен еңбегі жатыр.

Жаратқанның жар болғанын өзі де терең түсінсе керек. Кеше ғана сәулетті мешіттің іргесін қалап еді. Президент ретіндегі соңғы істерінің бірі екен. Бұл да кейінгілерге көрсеткен әдемі үлгі, ізгі жол.

Елбасы елге бас иіп алғысын айтты. Ел де сізге риза, Тұңғыш Президент!
Оған манадан бері уатсаптағы туыстардың, ауылдастардың, достардың чатында тыным болмай, қимастық білдіріп, ризалығын ақтарып, көңілдері босап отырған ел-жұрттың пейілі дәлел.

Лайым, елімізде тыныштық болып, Алла панасынан ажыратпағай!

Мұрат Есжанның facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594