Жексенбі, 24 Қараша 2024
5074 30 пікір 23 Наурыз, 2019 сағат 14:42

ҚР Президенті Конституцияға өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды

Бүгін, 23 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды. Сондай-ақ Президент Астананы қайта атау туралы тиісті Жарлыққа қол қойды. 

Марат Бекетаев Елорданы қайта атау туралы Конституцияға түзетулер толықтай ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес енгізілгенін тағы да атап өтті. Әділет министрі осы процедураның заңдық қырлары туралы айтып берді.

Әділет министрлігі Конституцияның 91-бабында көзделгендей, астананы қайта атау үшін референдум өткізу туралы мәселені Президенттің қарауына енгізу үшін Жарлық жобасын әзірледі. Бұл ұсынысты Үкімет қаулы түрінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберді. Заң бойынша, мұндай жағдайда Президент не оның өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлға үш шешімнің бірін қабылдауы тиіс:

1) мәселені Парламенттің қарауына беруге,
2) сұрақты республикалық референдумға шығаруға,
3) Конституцияға түзетулер енгізу туралы ұсынысты қабылдамауға.

Президент бірінші жолды таңдап, мәселені Парламенттің қарауына берді. Жоғары заң шығарушы орган өз кезегінде палаталардың бірлескен отырысында Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң қабылдады.

Айта кету керек, Парламент оны Конституцияның 91-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңестің оң қорытындысы болған жағдайда қабылдай алады.

Бұдан әрі заң Парламент палаталары спикерлерінің және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітіледі және Президентке қол қоюға жіберіледі. Қол қойылған сәттен бастап Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң күшіне енді.

Әділет министрі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңға сәйкес Астананы қайта атау үшін қажетті жұмыс жүргізілгенін, соның нәтижесінде Президент астананы қайта атау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.

Белгіленген рәсімге сәйкес Үкімет Президентке облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бұл республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып жүргізіледі.

Ол үшін мәслихаттың тұрақты комиссияларында жария тыңдаулар өткізу жолымен тиісті аумақ халқының пікірі ескеріледі, олардың қорытындылары бойынша хаттама ресімделеді. Бұл жағдайда тыңдаулар 20 наурызда өтті және тиісті хаттама astana.gov.kz сайтында орналастырылған. Тыңдаулар мен хаттама негізінде қалалық мәслихат пен әкімдік республикалық ономастикалық комиссияға тиісті ұсыныс енгізді. Комиссияның қаланы қайта атау туралы оң қорытындысы 20 наурызда алынды.

Әділет министрі қысқа мерзімге қарамастан, барлық рәсімдер қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүргізілгенін тағы да атап өтті. Марат Бекетаев елордаға Елбасы – Нұр-Сұлтан есімін беру туралы шешім Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592