Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4330 1 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 16:00

ҚР Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтің назарына!

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтің,
Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың,
Алматы облысы Ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Жәлелұлының назарына!

Өткенде Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алтын арық (Қаракемер) ауылында тұратын інімнің алты сиыры (екеуін сойып әкеткен, төртеуі жоқ) жоғалғаны туралы жазып едім. Ауданның полициялары (жиырмадай) жабылып іздесе де, әлі дерек жоқ. Неге дерек табылмайды? Неге ұры ұсталмайды? Былтыр тағы төрт сиырын ұрлап кеткен, міне алтау. Бір жылда он сиыр жоғалту деген ауылдың қарапайым тұрғыны үшін, әрине оңай дүние емес.

Інім көп балалы отбасы. Бала-шағасының аузы аққа тиіп, айран-сүтке енді жарығанда ұрылардың тапа-тал түсте барымтасы мынау. Барымтаның заманы қайтіп келді ме, не болды өзі? Бұлар бұрынғы барымташылардан да жауыз, қаскөй. Туғалы тұрған сиырды қан жолдың бойында ішін жарып, әкете береді.

Шап-шағын Алтын арық ауылында бір жылдың өзінде бәленбай бас мал жоғалған. Соның біреуі табылып, бір ұры ұсталмаған. Масқара емес пе?! Қазірше алған дерегім бойынша бір жылдың ішінде ұрылардан зиян шеккендердің (бұдан да көп болуы мүмкін) тізімі:
Зият Шығысбек (бір сиыр)
Қазылхан Жеңіс (бір сиыр)
Қуанған Базар (бір сиыр)
Шәкен Үрістем (үш қой)
Сыдықова Назгүл (бір сиыр)
Шаймұқаммед Естемес (бір жылқы)
Пазылжан Парқат (екі жылқы)
Омаров Есенғали (бір жылқы)
Дәбей Күресбек (он сиыр)

Бұл – кіп-кішкентай бір ауылда (Алтын арықта) бір жылда болған ұрлық. Ақсу ауданына қарайтын өзге ауыл тұрғындарының ұрылардан зардап шеккендерінің тізімін жасайтын болсақ, өте көп. Мысалы, ауданның өзінде тұратын Әсетбек Мусабайдың бір түнде 26 бас сиырын айдап кеткен. Өзге облыс, аймақ, аудандарда да жағдай белгілі.

Қазақ «мал ашуы – жан ашуы» демей ме? Осы ұрылардан зардап шеккен халық ертең көп балалы аналар құсап шұбырып көшеге шығып кетсе, кім жауап береді? Бұл ұрыларға бір тиым бола ма? Тектеу бола ма?

Ырысбек Дәбейдің facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560