Қытайға жөнелтілмек болған 680 келі «қара металл сынықтарын» қолды еткен ұры анықталды
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дан 680 келі «қара металл сынықтарын» ұрлау фактісі бойынша күдікті анықталды.
Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Көліктегі Ішкі істер департаментінен хабарлады.
1 мамыр күні ҚР ІІМ Көдіктегі ІІД-нің Достық стансасындағы желілік ішкі істер бөліміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дан хабарласып, № 60331840 жүк пойызынан Қытайға жөнелту үшін дайындалған 680 келі «қара металл сынықтары» ұрланғанын айтқан.
Шұғыл-іздестіру жұмыстары барысында көліктегі полиция қызметкерлері тұрғылықты жерінен Шығыс Қазақстан облысының ешбір жерде жұмыс істемейтін 21 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Одан қылмыстың заттай айғақтары табылды.
Полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде.