Келісімге қол қойылды.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі арасында «KazSat-2» спутнигінің жұмысына қажетті жиілік ресурсын пайдалану туралы Келісімге қол қойылды.
Аталған келісімге Байланыс саласындағы аймақтық достастық әкімшілігі басшыларының Кеңесі (БСАД ӘК) отырысы шеңберінде ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Игорь Щеголевтің қатысуымен қол қойылды.
Келісімде «KazSat-2» қазақстандық спутнигінің жұмысына қажетті 86,5°орбиталық позициядағы жиілік ресурсын Қазақстан тарабына уақытша пайдалануға беру туралы көрсетілген. Қазіргі уақытта Халықаралық электробайланыс одағында аталған орбиталық позицияға ресейлік «KUPON-4M» спутниктік желісі үшін сұраным білдірілген.
Келісім нәтижесінде Ресей Федерациясының шешімі бойынша «KUPON-4M» спутниктік желісінің жиілік ресурсының негізінде Қазақстан Республикасының «KazSat-2» спутнигінің 86,5°орбиталық позициядағы шығыс бойлығында уақытша жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Екі жақ аталған жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау мәселелерінде бір-біріне көмек көрсету туралы өзара келісті.
Келісім қол қойған күннен бастап, өз күшіне енді.
Анықтама:

Байланыс саласындағы аймақтық достастық әкімшілігі басшылары Кеңесінің отырысы. Байланыс саласындағы аймақтық достастықтың Жоғары органы болып- Байланыс саласындағы аймақтық достастығы (БСАД) әкімшілігі басшыларының Кеңесі болып табылады. БСАД Кеңесінің отырысы қажетіне қарай өткізіледі, бірақ жылына бір реттен кем емес.
БСАД Кеңесінің отырысына БСАД-тың толыққанды мүшелері қатысады. БСАД бақылаушылары, Байланыс саласындағы халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері мен БАҚ өкілдері шақырылады.