Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 07:12

Жарасбай Сүлейменов, депутат. Журналистерді қорғайтын заң керек

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палатаның жалпы отырысында Жарасбай Сүлейменов ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

«Жақында Астанада қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары бас редакторларының алғашқы форумы болып өткені белгілі. Оған қатысушылар баспасөз қауымдастығын көптен алаңдатып жүрген көкейкесті мәселелерді ортаға салып, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын іс жүзінде қолдау қажеттігі жөнінде арнайы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң қабылдау, отандық баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары үшін қосымша құн салығын толық алып тастау, БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауды іске асыру, атап айтқанда, журналистерді әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланатындардың тізіміне қосу (сыйақы, баспана беру, ипотекалық жеңілдіктер), зейнетақы тағайындағанда кәсіби санатын анықтау қажет делінген. Осындай орынды талаптарды қолдай отырып, тағы бір өткір мәселе - журналистердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударғым келеді.

Қоғамымыздағы сөз бен шығармашылық еркіндікке конституциялық кепілдіктің берілуі бұқаралық ақпарат құралдарының шапшаң дамуына жол ашты, оған деген мемлекеттік монополияны жойды, жаңа бағыт, жаңа сарындағы БАҚ нарығын дүниеге әкелді. Нәтижесінде мемлекеттік БАҚ-пен қатар, оппозициялық, тәуелсіз және салалық сипаттағы БАҚ өзара бәсекелестікке түсті, журналистердің белсенділігі артты.

Міне, осындай жағдайда елімізде болып жатқан оқиғаларды шынайы жазу, ақиқатты айту, кәсіби міндетін адал атқару - журналистердің абыройлы борышы. Журналистер тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, өмірде болып жатқан құбылыстарға өз бағасын беруге, ақты - ақ, қараны - қара деп, оқырманға, қалың елге жол көрсетуге тиіс. Әрине, осы талап үдесінен көріну оңай емес, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қоғамда шындықты бетке айтатындарды ұнатпайтындар да, олардан өш алғысы келетіндер де жоқ емес. Міне, сондықтан да журналистерді қудалау, тілшілердің заңды кәсіби қызметіне бөгет жасау, ақпаратқа қол жеткізуді шектеу әрекеттері әлі  тиылмай келеді.  Баспасөзді саяси ойындарға немесе қаржы-өнеркәсіп топтарының өзара текетіресіне тарту әрекеттері де елімізде өркениетті ақпараттық кеңістік қалыптастыруға кері әсер етуде. Осындай әрекеттердің салдарынан Қазақстанда да журналистиканың қауіпті мамандыққа айналып бара жатқаны жасырын сыр емес. Соңғы он жылда ғана елімізде түрлі себептермен қырыққа жуық журналистің қаза болғаны бізде журналистердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін  қорғау жағы ақсап жатқанын, басқа мамандықтардың иелеріне қарағанда, олардың  мемлекеттің қорғауына өте-мөте мұқтаж екенін көрсетеді.

БАҚ өкілдеріне кімнің де болсын тарапынан қысым көрсетілмеуге тиіс. Сыртқы күштер журналистерге өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқаруларына жағдай жасаулары, шындықты айтуға, ізденуге, ақпаратты табуға мүмкіндік берулері керек.

Мемлекет қоғамдық міндетін адал атқарып жүрген журналистердің еңбегін ұдайы назарда ұстап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Олардың қызметінің қоғамдық маңызын ескере отырып, қалам иелерін түрлі қауіп-қатерлерден батылырақ қорғау, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендерді қатаң жазалау қажет. Демек, журналистерге айрықша мәртебе беретін мезгіл жетті.

Егер біз Ата Заңымызда бекітілген сөз бен баспасөз бостандығы  қоғамымыздың демократиялық жолмен дамуының, оның азаматтық қоғамға одан әрі сенімді қадам басуының бұлжымас шартына, ал бұқаралық ақпарат құралдары осы құбылыстың ықпалды құралына айналсын, мемлекеттің, қоғамның және баспасөздің іс-қимылын жаңа деңгейге көтереміз, үйлесімді жүйесін жасаймыз, баспасөзді, журналистерді жан-жақтан жасалатын шабуылдардан, зорлық-зомбылықтан қорғаймыз, баспасөзді біреулердің жеке мүддесіне пайдалануға тосқауыл қоямыз десек, ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары туралы ұлттық заңнаманы одан әрі  жетілдіру жолдарын қарастыруымыз, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің құқықтары мен бостандықтарының негіздерін айтарлықтай кеңейтуіміз керек. Бұл - уақыт талабы.

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсыновтан қалған: «Қай ұлттың баспасөзі мықты болса, сол ұлттың өзі де мықты» - деген сөз бар. Демек, халық баспасөзді биліктің төртінші тармағы деп тектен-текке айтып жүрген жоқ. Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары кез келген елдің дамуында айрықша роль атқарады. Біздің жас мемлекетіміздің болашағы да, балауса демократияның тағдыры да қалам ұстаған қауымның қызметіне, іскерлігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да  еліміздегі сөз бостандығын ұдайы қолдап, бұқаралық ақпарат құралдары саласын одан әрі дамытуға қамқорлық жасалуы керек.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, осы айтылғандарды негізге ала отырып, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары бас редакторларының алғашқы форумында көтерілген мәселелерді назардан тыс қалдырмауыңызды, бұқаралық ақпарат құралдарының серпінді дамуына, журналистердің сенімді қорғалуына кепілдік беретін Заңның қабылдануына ықпал етуіңізді сұраймыз.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379