Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2828 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 06:52

Даудың түйіні шешілді - Дөң кен-байыту комбинаты жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға көтерілді

АҚТӨБЕ.  6 маусым.  ҚазАқпарат  /Самал Ендібаева/  -    1 маусымнан  бастап     Дөң  кен-байыту комбинатының барлық    жұмысшыларының   жалақысы   20 пайызға көтерілді  және бірқатар    әлеуметтік  жеңілдіктер  қамтамасыз  етілді.

Баршаға мәлім,   жұмысшылары  ереуілге  шыққан   комбинаттағы    мәселені    облыс  әкімі   өзінің жеке бақылауына алған болатын.

Жеке кездесулердің барысында кеншілер мен  ENRC  басшылығының   дәйектерін   егжей-тегжейлі  зерттеп  шыққан  Елеусін  Сағындықов,  мәселені  ушықтырмай, оны     заң мен  құқықтың аясында   шешуге   кеңес  берген еді.   Нәтижесінде    комбинат басшылығы мен  жұмысшылардың өкілдерінен    арнайы комиссия  құрылып,     өткізілген   бірқатар  келіссөздердің барысында   мәселенің түйіні  шешілді, тараптар   келісімге келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,   өткен аптаның соңында Елеусін Сағындықов   «Қазхром»   Трансұлттық  компаниясы»   акционерлік қоғамының  президенті міндетін атқарушы Олег   Приваловты және  келісім  комиссиясының   мүшелерін  қабылдады.  Кездесу  барысында Олег Привалов   кеншілер үшін жалақының    көтерілгенін,       сондай-ақ    медициналық    қызметтерге  бөлінетін  қаражат сомасының арттырылатынын,     өнеркәсіптік қауіпсіздік   жөніндегі  сабақтардың  оқу ақысы да  қаралғанын   және     жыл  қорытындысы  бойынша      сыйақылар   берудің  реті  туралы   ереже  де  қайта  қаралғанын   айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377