Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2719 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 07:49

БҚО-да мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс жасай бастады

ОРАЛ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы 332 мектеп жанындағы лагерь ашылып, жұмыс жасай бастады, оларда 31080 оқушыны демалыспен қамту көзделіп отыр.

Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы балалардың 70,4 пайызы қамтылған еді. Бұл республика бойынша Жамбыл облысынан кейінгі екінші көрсеткіш болатын. Биыл жеткіншектердің 65,7 пайызы тынықпақ. Бұған биыл өңірде болған су тасқыны әсер етті. Сол себепті «Атамекен» және «Еуразия» лагерьлері өз жұмысын кешігіп бастамақ.

Облыс аумағында 23 шатырлы лагерьде 6 мыңдай оқушы демалмақ. Мектеп жанындағы лагерьлерде балаларға екі мезгіл ыстық тамақ беріліп, түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар ыстық тамақ берілмейтін мектептерде жазғы алаңдар жұмыс жасамақ. 13 маусымға дейін 280 шәкірт республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында, «ҚазМұнайГаз» ҰК демеушілігімен 30 балдырған Ақмола облысындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінде демалып қайтпақ.

Ақтөбеліктер 25 баланы жазғы демалысқа шақырса, Маңғыстау облысы су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 100 баласын тынықтырмақ. ЮНИСЕФ балалар қоры да тасқын судан зардап шеккен қала тұрғындарының 80 баласы үшін демалыс ұйымдастырмақ. Итальяндық «Аджип ЭНИ» компаниясы 40 жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасылар балаларын Чезенатико жазғы лагеріне шақырып отыр.

Өңірде балалар үшін демалыстың өзге түрлері де ұйымдастырылуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379