Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2328 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 07:54

Қарағандыдағы сауда орталығын «миналаған» жалған лаңкес сотталған азамат болып шықты

ҚАРАҒАНДЫ.   6 маусым.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -  Өткен сенбі күні Қарағандыда «City MALL»   сауда-ойын-сауық орталығы  «миналанғанын» ҚазАқпарат бұған дейін   хабарлаған болатын.

Облыстық     ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,  колонияда  жазасын өтеп  жатқан  40 жастағы сотталған  азаматқа лаңкестік әрекет  туралы  қасақана  жалған    қоңырау  шалды деген  күдік  келтірілуде.

Хабарланғандай, өткен сенбі күні түскі сағат үште «102» кезекші бөліміне Бұқар Жырау даңғылы, 59/2 мекен-жайында орналасқан «City MALL» сауда-ойын сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен. Хабар алынысымен ғимараттан дереу 4 мың адам, соның ішінде 398 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметі, соның ішінде ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 36 адамы (9 техника) арнайы іс-шаралар жүргізіп, оның барысында қауіпті затты таппады.

«Облыстық  ІІД  экстремизммен күрес жөніндегі  бөлімінің,  Абай аудандық  ішкі істер  бөлімі мен   Михайлов    полиция  бөлімінің   қызметкерлері    қабылдаған   шаралардың   нәтижесінде   қоңырау шалынған   нөмір анықталды.   Қоңырауды      кісі  тонау  қылмысы үшін     жазасын өтеп жатқан   40 жастағы  азаматтың  шалған болып шықты»,  - делінген   ІІД       баспасөз қызметінен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381