Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3985 14 пікір 16 Сәуір, 2019 сағат 10:17

Ресей НАТО-мен ынтымақтастықты толық тоқтатқанын мәлімдеді

РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Ресей мен НАТО азаматтық болсын, әскери бағытта болсын ынтымақтастықты толық тоқтатты деп мәлімдеді. Ол бұған НАТО-ны кінәлады.

​"Бүгінгі Ресейдің альянспен қарым-қатынасы қырғи-қабақ жылдарында НАТО-ның әдейі құрылған кезеңін еске салады. НАТО-ның өзі Ресеймен оңтайлы қарым-қатынастан бас тартты", –деп атап өтті Ресей СІМ өкілі.

Грушко сонымен бірге НАТО-ның былтырғы шығыны триллион доллардан асқанын, бұл ресейлік қорғаныстан 22 есеге көп екенін жеткізді.

"НАТО-мен қарулы қақтығысқа келетін болсақ, барлық дұрыс ойлайтын адамдар бұған жол берілмейді деп үміттенеді. Бұл барлық адамзат үшін үлкен апат болушы еді. Мұны Вашингтон да, Брюссель де жақсы түсініп отыр", – деді Александр Грушко.

"Біз соғысуды қаламаймыз, бірақ тоқтатуды қалаймыз. Біз Ресейді оқшаулағымыз келмейді, керісінше өзара қарым-қатынаста жаңа жүйе қалыптастырғымыз келеді", – деп атап өткен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг сәуір айының басында АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2060
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4123