Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3052 0 пікір 7 Маусым, 2011 сағат 06:19

Никита Жолквер. Жоғалып бара жатқан держава

Берлиннің Халық саны және даму институты Ресейдегі және бұрынғы КСРО елдеріндегі демографиялық үрдіс туралы терең сараптама қорытындысын жариялады. Орыс тілінде жарияланған бұл баяндама «Жоғалып бара жатқан әлемдік держава» деп аталады. Атауынан-ақ зерттеу қорытындысының басты тұжырымы анық байқалады.

Берлиннің Халық саны және даму институты Ресейдегі және бұрынғы КСРО елдеріндегі демографиялық үрдіс туралы терең сараптама қорытындысын жариялады. Орыс тілінде жарияланған бұл баяндама «Жоғалып бара жатқан әлемдік держава» деп аталады. Атауынан-ақ зерттеу қорытындысының басты тұжырымы анық байқалады.

Осы зерттеу жұмысының авторының бірі, профессор Райнер Клингхольц (Reiner Klingholz) посткеңестіктегі демография мәселесімен басқа емес, дәл осы неміс институтының шұғылдануы себебін былай түсіндіреді: «Еуропа және Германия, екінші жағынан алғанда, Ресей мен бұрынғы КСРО республикалары бір-бірімен өзара тәуелді.
Біз ең алдымен шикізатқа барынша тәуелдіміз. Ал неміс экспорты үшін посткеңестік кеңістік - өткізу нарығы».
Оның үстіне, немістер Еуроодақ пен НАТО-ға көрші ұлан-ғайыр аймақтағы ахуалға бей-жай қарамайды.  
Бір қызығы, бұрынғы Кеңес Одағының жекелеген республикаларын емес, Балтық жағалауы елдері мен Орталық Азияны қоса посткеңестік кеңістікті зерттеу мен салыстырмалы талдау нысаны ретінде тұтас қарастырған. Ғалымдардың пікірінше, бұрынғы одақтас елдер тәуелсіз елдерге айналғанымен де, әлі де өзара ықпалдас жүйе құрып, көп жағдайда посткеңестік кеңістіктегі өмір сүру салтын анықтап отыр.
Профессор Клингхольцтің пікірінше, Балтық бойындағы үш елді қоса алғанда, посткеңестіктегі Еуропа елдерінің алдында тұрған демографиялық мәселе өте ұқсас. Германияның өзі де бұдан ада емес. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл елдер «бэби-бумды» басынан өткерді. 1970 жылдары ол жоққа тән болды. «Бэби-бумдықтар» зейнетке кетті. Бұл буыннан кейін туылған ұрпақ тым аз еді. Бұрынғы КСРО-да 90-жылдары бала туудың күрт азайғаны ахуалды одан бетер ушықтырып жіберді. Болашақ ата-аналардың аздығы қазір нақты көрініп отыр.

Әртүрлі демография

1960 жылы Ресей (КСРО-ның өзге республикаларын қоспағанда) халқының саны жөнінен әлемде төртінші орында тұрған. Былтыр бұл ел Бразилия, Пәкістан, Бангладеш және Нигерияға орын беріп, тоғызыншы орынға сырғып түсті. Демографиялық құлдыраудың нәтижесінде осы ғасырдың ортасына қарай Ресей тағы да 25 млн адамнан айырылып қалуы ғажап емес. Осылайша халық саны жөнінен әлемдегі ондықтан шығып қалады. Бұл елді Эфиопия, Филиппин, Мысыр және Мексика басып озады.   
Солай бола тұра, посткеңестік кеңістік пен Ресейдің өзінде демографиялық ахуал әр алуан. Ғалымдар бұрынғы КСРО-ның 141 аймағындағы жағдайды салыстырып, бес түрлі кластерді анық­тады. Олардың төртеуінде халық саны әрмен қар­ай да азая бермек. Бірақ адам саны өсетін аймақ­тар да бар.  
Бесінші кластерге ғалымдар Орталық Азия елдерінің денін және ресейлік Шешенстан, Тува және Алтай өлкесін жатқызған. Туу деңгейі бұл аймақтарда Солтүстік Африка көрсеткіштерімен шамалас, яғни бір әйел орта есеппен 2,78 бала туады. Бұл халық санының тұрақты өсуі көрсеткішінен де көп. Тіпті, басқа аймақтарға жұмыс іздеп кететін тұрғындарды есепке алғанда да. Бұл топқа Ресейдің Түмен облысы мен Қазақстанның оңтүстігі жатады. Бұлар - мұнай өндірудің нәтижесінде мигранттарды магниттей тартатын аймақтар.

Сиреп бара жатқан кластер

Туу аз болғанына қарамастан, бірінші кластерге жататын аймақтағы халықтың саны миграция есебінен толығып отырады. Бұл топқа ерекше белсенді көші-қон саясатымен көзге түсетін Мәскеу, Киев, Минск, Санк-Петербор және Севастополь, Екатеринбург және Нижний Новгород, Новосібір, Краснодар өлкесі, Татарстан, Белгород облыстары жатады. Зерттеушілердің болжамына сүйенсек, халықтың сырттан ағылып келуінің нәтижесінде бұл топқа жататын аймақтарда 20 жыл ішінде халықтың азаюы көп білінбейді. Кей жерлерде аздап өсім болуы да мүмкін.
- Ұзақ жасауға жайлы климатпен бірге, күнделікті өмірде діннің маңызды рөл атқаруы мен халықтың этникалық кұрамы да оң ықпал етеді, - делінген баяндамада. - Ішімдікке салынудың кесірінен пайда болатын өлім-жітім бұл аймақта сирек кездеседі.
Мұндай аймаққа Латвия, Литва және Эстония да жатады. Балтық елдерінен өзгешелігі сол, зерттеу авторлары екінші топқа жататын аймақтардың болашағы бар деп есептемейді.
Үшінші кластер - бала туу аз, қарттары көп болғандықтан, халқы азайып бара жатқан аймақтар. Беларусь пен Украинаның көп аймақтары, Ресейдің Солтүстік-Батысы, Краснояр өлкесі осы санатта. Бұл жерлерде халықтың бестен бір бөлігі - 60 жастан асқандар. Мәселен, Украинаның Чернигов облысында қариялар халықтың төрттен бір бөлігіне жеткен. Посткеңестік кеңістікте осы топқа жататын аймақтар басым. Алайда 2030 жылға қарай жағдай өзгеретін секілді. Үшінші кластердегі халықтың азаюы ондық пайызбен есептелінеді.

Жұртта қалған жер

Төртінші топқа жататын аймақтар басқа себептер бойынша қаңырап қалмақ. Адамдар Қиыр солтүстік пен Қиыр Шығыстан, Қазақстанның солтүстігі мен Молдавиядан қаша бастайды. Чукотка автономды аймағы 1989 жылы кеңестік халық санағынан бері халқының үштен бірінен, Магадан облысы - жартысынан көбінен айырылды. Сахалинде, Камчаткада және Мурманск облысында көші-қон шығыны халықтың үштен біріне жетті. Бұған осы аймақ тұрғындарының ұзақ жасамайтынын қосыңыз.
Зерттеу авторларының көрсетуінше, 1993 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі уақыт ішінде  Ресей халқы 149 миллионнан 142 миллионға азайған. Бұл -  КСРО ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалардан Ресейге қарай этникалық орыстардың жаппай қоныс аударғанын қоса есептегендегі көрсеткіш. Оларды есепке алмағанда, ресейліктердің саны 11,5 миллион адамға азайған. Бұл ресми деректерге қарағанда, екі есеге көп. Алайда бұл қосалқы потенциал іс жүзінде түгесілді. Ресейге көшіп келгісі келетіндер түгелдей қоныс жаңартып үлгерді.

Берлин

http://jasqazaq.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407