Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Жағымды жаңалық 4184 5 пікір 18 Сәуір, 2019 сағат 12:18

Қазақстандық 30 қаламгердің шығармасы әлемнің 6 тілінде басылып шықты

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының алғашқы кітабы басылып шықты. Бұл кітаптар Алматыда Достық үйінде таныстырылды.

Поэзия және проза жинақтарының таныстырылымына осы жобаға қатысқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Қытай және Египет аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылары, шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлар қатысты.

ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аударып, тарату - ұлт тарихынды бұрын-соңды болмаған, қазақ мәдениетін әлемге таныстыру тұрғысынан теңдесі жоқ бастама екенін айтты.

«12 сәуірде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының басталғанына екі жыл толды. Осы екі жыл ішінде Елбасы нақтылаған 6 жоба бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Басты мақсат - қазақ мәдениетін шетелге таныстыру. Оның ішінде әдебиеттің орны бөлек. Әдебиет - өнердің шыңы, мәдениеттің қазығы. Сондықтан әр халықтың негізгі болмысын, дүниетанымын  әдебиет арқылы тануға болады. Екі жыл ішінде бізде тәуелсіздік кезеңінде болмаған үлкен қадам жасалды. Ұлттық мәдениетіміздің бар жетістігін әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосудың алғашқы қадамы әдебиеттен басталып отыр. Қазақ әдебиетінің ең озық туындыларын БҰҰ 6 тілінде сөйлетуге өріс ашылды. Қазақ ақын жазушыларының 2 томдық антологиясы ағылшын, орыс, араб, испан, француз, қытай тілдеріне аударылды», - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, 160 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары бір мезетте әлемнің ең ірі 6 тіліне аударылып, сол тілдерде жұмыс істейтін ең беделді баспалардан шығып, 5 құрлықтағы 90-нан аса елдің жоғары оқу орындары, кітапханалары мен ғылыми орталықтарына жетеді.

Жалпы саны 2 миллиард 600 миллион халық қазіргі қазақ әдебиетінің жауһарларымен танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағы мен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының өкілдері болды.

Айта кетейік, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жұмысы қолға алынған болатын. Антологияның ағылшын тіліндегі нұсқасын Ұлыбританияның Кембридж университетінің баспасы әзірледі.

Антологияның испан тіліндегі нұқасын шығаруды осы елдің мәдениет министрлігі қолдады. Әйгілі Сервантес институты кеңесші ретінде тартылып отыр. Ал 40 жылдық тарихы бар «Визор» баспа үйі антологияны басып, Испанияның өзінде және Латын Америкасында испан тілінде сөйлейтін 20 шақты елге таратады.

Францияда Париж қаласының мэриясының нұсқауымен Францияның ұлттық кітап орталығы және Париждегі баспа үйі аударма жұмысын ұйымдастырып, Қазақ әдебиетінің антологиясын Франция, Швейцария, Бельгия және француз тілінде сөйлейтін тағы 30 шақты елге таратады. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті орыс тіліндегі нұсқаны әзірлесе, Қытай Халық Республикасының Ұлттар баспасы екі жинақтың қытай тіліндегі нұсқаларын даярлайды. Ал араб тіліндегі нұсқаны даярлау міндетін Мысыр Араб Республикасының мәдениет және білім орталығы өз мойнына алып отыр.

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Ол тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат етеді.

Жоғарыда аталған серіктес-ұйымдар аударма, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына жалпы саны 70-тен аса маманды жұмылдырды. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асуда.

Тьери де ля Круа, «Мишель де Моль» баспасының директоры:

- Қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын француз тілінде басып шығару «Мишель де Моль» баспасына бұйырғаны біз үшін үлкен мәртебе. Теңізбен ұштасқан көкжиеккке бататын күн сәулесін Шығысқа ала келіп, бүгін осы жиынға қатысу мен үшін үлкен қуаныш.

Қазақ халқы осы тамаша бастаманың арқасында ақша мен экономика туралы ғана айтатын әлемге өз жан дүниесін танытуға мүмкіндік алды. өз тарихын, салт-дәтүрін, өмірдің поэтикалық мәнін баяндай бастады. Бұл істерге біз тек сүйсіне қызыға қараймыз. 

Давид Флорес, аудармашы, «Визор» баспасының өкілі ((Испания):

- Былтыр қараша айында Даму мақсатындағы халықаралық серіктестік агенттігінің қолдауымен Мадридте Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті орталығы ашылды. Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан заманауи қазақ әдебиеті антологияларының испан тіліне аударулыуымен қатар, осы екі оқиға қазақ әдебиеті мен мәдениетінің испантілді әлемге танылуы мен таралуына ықпал етті. Бұдан былай да қазіргі заманғы қазақ ақын-жазушыларының шығармалары испан тіліне, ал испан әдебиеті қазақ тіліне аударылып, әдеби сабатастық жалғаса береді деген сенімдеміз.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2094