Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5249 2 пікір 19 Сәуір, 2019 сағат 10:02

"Құтыны далаға тастамаңыздар!"

"Эко-сенбілік Астана" шарасы кезінде жол бойында пластик бөтелкелермен қатар энергетикалық сусындардың қалбырлары өте мол екенін байқадық. Жол бойынан, небары 500-600 метр жерден алты-жеті қап Gorilla сусынының қалбырын жинадық. Шамамен, 1500-2000 дана шығар. Майыстырып, бүктеп-бүктеп қапқа тыға беріппіз.

Экомәдениетіміздің төмендігі ғой бұл. "Энергетикалық сусын миды кептіреді екен",-дейтін еді фолькғылымға құмарлар. Ол жағын білмеймін. Бірақ, айналаны ластайтындардың миы шынымен кеуіп қала ма деген ой түйдім.

Айтпақшы, темекі қорабына оның денсаулыққа зиян екенін жазамыз. Меніңше пластик бөтелкедегі және қалбырдағы сусындарды өндіретіндерді "Құтыны далаға тастамаңыздар! Қоршаған ортаға зиян" деп үлкееен әріптермен жазып қоюға мәжбүрлеу керек шығар. Әрине, одан көп ештеңе өзгермейді, дегенмен азды-көпті ықпалы тиетін болар. Тым болмағанда қара тани бастаған бүлдіршін: "Далаға тастама деп жазыпты әке, тастамайық" дейтін болар. Тым оптимиспін бе, қалай ойлайсыздар?

Айтпақшы, жол бойынан 2009 жылы өндірілген бір қалбыр сыра тауып алдық. Ашылмапты. Бұл дегеніңіз Нұр-Сұлтаннан Көкшетау трассасына шығатын айналма жолдың маңайы кемі 10 жыл тазаланбаған екен-ау деген ой түюге мәжүрлеген жайы бар.

Амангелді Құрметұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440