Қазақстан тарих үшін тым қысқа мерзім ішінде бірқатар аймақтық және жаһандық дағдарыстарды еңсерді - Елбасы
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан тарих үшін тым қысқа мерзім ішінде бірқатар аймақтық және соңғы жылдардағы жаһандық дағдарыстарды еңсерді.
Бүгін Тәуелсіздік сарайында жалғасып жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Бүгінгі форумның негізгі мақсатының бірі - Ислам бизнесі өкілдерін еліміздің іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру. Баршаңыз білесіздер, Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біздің тәуелсіз ел атанғанымызға биыл 20 жыл толады. Осындай тарих үшін тым қысқа мерзімде біз бірқатар аймақтық және соңғы жылдардағы жаһандық дағдарысты еңсердік»,-деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы біздің табысымыздың кепілі - ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және дұрыс таңдаған экономикалық стратегия екенін қадап айтты.
«Әлемдегі дін атаулы бір-бірімен ортақ тіл табыса алады және солай етуге тиіс. 140 этнос пен 46 конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстанның тәжірибесі - осының айшықты айғағы. Бұл - қазақ еліндегі орнықты ағартушылық Ислам үлгісін ұстануының мәуелі жемісі»,-деп түйіндеді Н. Назарбаев.