Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1969 0 пікір 8 Маусым, 2011 сағат 06:23

Қазақстан алдына биік мақсаттарды қойды және оған қысқа мерзімде қол жеткізді - Мемлекет басшысы

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан алдына биік мақсаттарды қойды және оған қысқа мерзімде қол жеткізді.

Бүгін Астанада жалғасып жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халықтың жан басына шаққандағы Ішкі алпы өнім 12 есеге өсіп, 9 мың долларға жеткенін айтты. «Келесі 5 жылдықта біз оны 15 мың долларға жеткізуді мақсат етіп отырмыз»,-деді Н. Назарбаев.

Елімізде индустриялық-инновациялық дамудың арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанына тоқталған Елбасы, таяу жылдарда еліміз құны -55 млрд. доллардан асатын 300-дей жобаны жүзеге асыру көзделіп отырғанын жеткізді.

«Инвестициялық саладада айтарлықтай табысқа жеттік. Қазақстанға тәуелсіздік жылдарында шетелдерден 120 млрд. доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Еліміз алдағы уақытта да инвестиция тарту бағытындағы байланыстарын кеңейте түсетін болады»,-деді Президент.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442