Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2472 0 пікір 8 Маусым, 2011 сағат 06:24

Ашық хат. Киіз үй - қаңғыған қазақтың баспанасы ма?

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарына,

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке,

ҚР Ақпарат және байланыс министрі А.Жұмағалиевке

ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа

Бүгінде Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында бюджеттен бөлінетін қомақты қаржыға шығып отырған «Степной маяк» газетінің 2011 жылғы 26 мамырдағы №21 санында жарияланған сөзжұмбақта (сканворд) болған сұраққа («Қаңғыбас қазақтың баспанасы?». Ал жауабы - киіз үй (юрта).) қатысты Алматы қаласының жастарының үлкен наразылығын тудырып отыр. Бұл мемлекет құраушы ұлт қазақ халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген құрметсіздік деп түсінеміз. Қазақ халқы өзінің тарихында ешуақытта «бомж» түсінігіндей жағдайда болып көрген емес. Ұлан-ғайыр даланы мекен еткен халықтың ар-намысына осылай тіл тигізу - өз өмір сүріп отырған мемлекетті менсінбеу, оның тарихын керек етпеу ретінде қаралуы тиіс. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғалы бірлік, татулық, әр ұлтқа деген құрмет сынды ұстанымдармен дамып келеді. Ал бюджеттен қаржыландырылатын басылым осы әрекеттері арқылы елдегі ұлтаралық жанжалды тудыруға себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, біз, жастар, төмендегі талаптарды қоямыз:

1.     «Степной маяк» газеті ұжымы  қазақ халқының алдында ресми түрде кешірім сұрауы қажет;

2.     Сондай-ақ екі апта мерзім ішінде «Степной маяк» газеті өз лицензиясынан айырылуы тиіс. Қазақ ұлтын «БОМЖ» санаған басылым Қазақстанда еркін ақпарат таратуы мүмкін емес.

3.      Көкшетаулық жастардың азаматтылығының нәтижесінде басылымның қызметкеріне қатаң сөгіс ғана жарияланыпты. Біздің пікірімізше, бұл жеткіліксіз. Басылымның бірінші басшысына шара қолдану керек;

4.     Бұл еліміздегі татулық пен бірлікке өз зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан ҚР-ның Прокуратурасы осы іс-әрекетке заңды баға беруін талап етеміз.

Барлық еліміздің азаматтарын бұл оқиға бей-жай қалдырған жоқ. Сондықтан осы мәселені тереңінен қарап, лайықты баға бересіздер деп сенеміз.

Алматы қаласының жастары атынан,

«Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Руслан Желдібай

«Болашақ» РҚ төрағасы Дәурен Бабамұрат

«Азамат» пікірсайыс клубының үйлестірушісі Қуаныш Бақытжанов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443