Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 9 Маусым, 2011 сағат 06:55

Көкшетаудың қаруланған тұрғындары базарды шабуылдауға кірісті

кадр телеканала КТК
кадр телеканала КТК

Бір топ көкшетаулықтың ызасы шегіне жетті! Үйлерінің ауласын олар қолдарына балта алып қорғауға көшті. Тұрғындар үйлерінің алдында жаңа коммуналдық базардың бой көтеруіне наразы. Халықтың айтуынша, жаңа базар балаларды ойын алаңқайынан айырып, емханаға баратын жолды жауып тастаған, дейді КТК телеарнасының тілшісі.

Балта мен сүймендерін алып шыққан 70 шақты адам базардың құрылысы жүріп жатқан аумақты қоршап тұрған қаңылтырларды бұзуға кірісті. Ал құрылысшылар әкімдік берген рұқсат қағазды көрсетіп, бой берер емес.

Күн батқанда Көкшетаудың қақ ортасындағы ауданда шу шықты. Балта, сүйменмен қаруланған халық аулаларында тұрғызылып жатқан жаңа коммуналдық базарды шабуылдауға аттанды. Құрылысты тоқтатуға олар осымен төртінші рет тырысуда.

Халықтың айтуынша, жаңа базардың пайдасынан зияны көп. Сауда орны балалардың алаңқайын айырып, емханаға баратын жолды жауып тастайды.

Виктор Павлухин, тұрғын:

- Біз бәрібір оны бұзамыз, осыны білсін! Балалардың ойын алаңқайынан басқа жер табылмады ма, базар салатын?! Әлде қалада базар аз ба?

Құрылыс ережесіне сай, кез-келген нысан тұрғын үйден 50 метр қашықтықта салынуы тиіс. Ал базар үйлерден небәрі 27 аттам жерде тұрғанын тұрғындар есептеп қойыпты.

Жанқараш Шабданов, адвокат:

- Футбол, волейбол ойнайтын, жүгіретін  жер қалмады. Халық білу керек қой, мүмкін біреу қателескен шығар, түсіндіріп айтпады ма... Арызды депутаттарға бердік.

Ал базар салып жатқан "Стройтехсервис Көкшетау" компаниясы "барлық рұқсат қағазымыз бар" дейді. Олар қала әкімдігі жариялаған тендерді жеңіп, 60 миллион теңгеге коммуналдық базар тұрғызуды бір апта бұрын бастаулары тиіс еді.

Қайрат Құрсабаев,  "СтройТехсервис Көкшетау" ЖШС директоры:

- Өз құқықтарыңызды мәдениетті түрде сотта қорғаңыздар.

Арлан Жүсігүнов, "СтройТехсервис Көкшетау" ЖШС заңгері:

- Біздің мердігер ретіндегі құқымыз тапталып жатыр. Тұрғындар біздің мүлкімізді бұзды. Біз сотта кездесеміз,бұл кісілермен. Өйткені солардың кесірінен құрылысты уақытында бастай алмай отырмыз.

Жергілікті билік өкілдері де үйдің ауласында үлкен базар салу мүмкін еместігіне көздері жетіп, оны шағын сауда павильонына айналдырмақ. Онда сатылатын азық-түліктің бағасы да әлдеқайда арзан болады деп, халықты сабыр сақтауға шақырды.

Нұрболат Әлжанов, Көкшетау қаласы сәулет және қала құрылыс бөлімі бастығының орынбасары:

- Бұл бір қабатты нысанда сауда орындары арзан болмақ. Сондықтан ондағы тауарлардың бағасы да қолжетімді болады. Халықтың шу шығаруына еш негіз жоқ. Әкімнің шешімі осындай.

Құрылыс басына төрт рет барып, ойранын шығарған тұрғындар компанияға 400 мың теңгеге залал келтіріпті. Бірақ адуынды халық 21 шілдеде тапысырылуы тиіс коммуналдық сауда павильонының құрылысын сол күйі бастатпауға бел буып отыр.

ktk.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467