Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
Саңлақ 3707 8 пікір 25 Сәуір, 2019 сағат 11:01

Жартылай финалда жеті боксшымыз жұдырықтасады

Кеше, 23 сәуірде Бангкокта өтіп жатқан (Таиланд) Азия чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталды.

Қазақстан ерлер құрамасы сапында сынға түсіп жатқан 10 боксшының жетеуі жартылай финалға өтті. Олар: Теміртас Жүсіпов (49 келі), Закир Сафиуллин (60), Санатали Төлтаев (64), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91), Қамшыбек Қоңқабаев(+91).

Ал 52 келіде өнер көрсеткен Әнуар Мұзапаров, 56 келідегі Қайрат Ералиев және Асланбек Шымбергенов жарыс жолынан шығып қалды. "Қазақ салмағы" атанып кеткен 69 келіде бақ сынайтын Шымбергенов ширек финалда өзбек боксшысы Бобо-Усмон Батыровқа есе жіберді.

Жартылай финалдық жұптар:

Ерлер:
49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Индия)
60 келі. Закир Сафиуллин - Шива Тхапа (Индия)
64 келі. Санатәлі Төлтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нурсахат Паззыев (Түркменстан)
81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)
91 келіге дейін. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)
91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Индия)

Ал толық құрамда аттанған қыздар құрамасынан төрт боксшы ғана жартылай финалда өнер көрсетеді. Оның өзінде Фариза Шолтай мен Ләззат Күнгейбаева жарысты жартылай финалдан бастағалы отыр.

64 келі. Милана Сафронова - Доу Дань (Китай)
69 келі. Дариға Шакимова - Чэнь Ньень-Чинь (Тайпей)
81 келіге дейін. Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)
81 келіден жоғары. Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)

Жартылай финалдық кездесулер бүгін, 25 сәуірде өтеді. Күндізгі сессия елорда уақыты сағат 13:00-де, ал екіншісі кешкі 17:00-де басталады.

Жекпе-жектерді тікелей эфиде төмендегі сілтемелер бойынша тамашалауға болады:

А рингі 

Күндізгі сессия (13:00-де)

1-ші жекпе-жек. 49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Индия)

5-ші жекпе-жек. 91 келіге дейін. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

9-шы жекпе-жек. Қыздар. 69 келі. Дариға Шакимова - Чэнь Ньень-Чинь (Тайпей)

Кешкі сессия (17:00-де)

2-ші жекпе-жек. 60 келі. Закир Сафиуллин - Шива Тхапа (Индия)

8-ші жекпе-жек. Қыздар. 64 келі.Милана Сафронова - Доу Дань (Қытай)

10-шы жекпе-жек. Қыздар. 81 келіден жоғары. Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)

В рингі

Күндізгі сессия (13:00-де)

3-ші жекпе-жек. 64 келі. Санатәлі Төлтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

4-ші жекпе-жек. 75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нурсахат Паззыев (Түркменстан)

10-шы жекпе-жек. Қыздар. 81 келіге дейін. Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)

Кешкі сессия (17:00-де)

4-ші жекпе-жек. 81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

5-ші жекпе-жек. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Индия)

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

8 пікір