"НұрОтан"нағыз бәсекелі ортаға түсуі керек!
"Нұротан" съезін теледидардан көрсетіп жатыр.
Шенеуніктер мен олигархтардың, жағымпаз қайраткерлердің партиясы екені экраннан ұрып-ақ тұр. Келмеске кеткен КПСС-тің иісі мүңкіп-ақ тұр!
Дағдарыс пен девальвация кезінде қиналып жатқан халықтың мүңын билікке жеткізудің орнына тағы да мақтампаздық пен жағымпаздық салтанат құрып жатыр.
"Нұротан" шынайы әрі толыққанды саяси ұйым болуы үшін өзінің монополиялық жағдайынан бас тартып, нағыз бәсекелі ортаға түсуі керек! Ол үшін оған бағдарламалық, идеялық, тактикалық тұрғыдан балама, оппозиция бола алатын екінші мықты партия болуы шарт!
Бір партияның емес, қоғамның, мемлекеттің тұрақтылығын ойлайтын болсақ, бәріміз - біз де, билік те - осы шаруаны қолға алуымыз қажет!
Ең алдымен, елбасы мен президент осы партиядан шығып, оны, мәселен, премьер-министр басқаруы тиіс. Парламент сайлауында жеңсе, партия үкіметті құрап, экономиканы басқарсын.
Басқа рецепт жоқ!
Әміржан Қосанның facebook парақшасынан
Abai.kz