Жұма, 22 Қараша 2024
61330 0 пікір 1 Мамыр, 2019 сағат 10:38

Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті

Осы аптаның басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесеті.

Кездесу алдында Мемлекет басшысы «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 250 мың тонна алюминий шығаруға қауқарлы екені мәлімделді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Павлодар облысы еліміздің дамуына зор үлес қосып отырған ірі өндірістік өңірлердің бірі екенін атап өтті.

– Тәуелсіздік жылдары Ертіс өңірінің экономикалық әлеуеті едәуір нығайды. Сіздердің облыстарыңыз Қазақстанның өнеркәсіптік және энергетикалық флагмандарының біріне айналды. Елбасы ұсынған индустрияландыру бағдарламасының арқасында өңірде құны 988 миллиард теңге болатын 90 жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалар жанармай-энергетикалық кешенін, мұнай-химия, металлургия және басқа да салаларды қамтиды, – Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшыларының назарын халықтың әл-ауқатын арттыруға байланысты мәселелерге аударды.

– Павлодар облысы ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету жөнінен еліміз бойынша көрсеткіші ең төмен өңірлердің бірі. Бұл мәселені жүйелі түрде жедел шешу керек. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2018 жылы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қаржы бөлінді. Үкімет пен әкімге әрбір бөлінген теңгеге қатаң бақылау жасауды тапсырамын. Сонда ғана халықты сумен қамтамасыз ету ісін уақтылы және тиімді шеше аламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті аталған өңір үшін экология мәселесі өзекті күйінде қалып отырғанын атап өтті.

– Біз ұлт денсаулығына, саламатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударамыз. Алайда, кәсіпорындардың қалдықтарына бақылаудың жоқтығынан біздің өндірістік орталықтарымызда күрделі экологиялық ахуал қалыптасып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірлесіп, Жастар жылы аясындағы Жол картасында қарастырылған шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

– Бізге жұмыспен қамту саласындағы іс-қимылдарды жандандыру керек. Сондай-ақ, жұмыс күші көп аймақтардан көшіп келетін халықты қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Бүгінде облыстың жыл сайынғы жұмыс күшіне деген қажеттілігі 25 мыңнан астам адамға жетті. Мұны шешудің жолы – қолайлы инфрақұрылымдар, қолжетімді және жалға берілетін баспаналар құрылысы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру әрдайым ерекше бақылауда болатынын айтып, соттардың қызметі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша тоқталды.

– Әділеттілік – қызметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барша азаматтың заң алдындағы тең болуы. Заңның үстемдік етуі дегеніміз осы. Бұл соттар қызметіне араласпауды көздейді. Дегенмен, кей кездері құқық бұзушылықтарға қатысты олардың шығарған үкімдері азаматтарымыз үшін оғаш және ақылға қонымсыз болып көрінеді, – деді Қазақстан Президенті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295