Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5479 3 пікір 29 Сәуір, 2019 сағат 12:17

Мұндай жоба бүкіл облысқа керек

Журналистпін ғой. Кедейліктің ең соңғы шегінде өмір сүріп жатқан, жертөледе тұратын отбасылардың талайын көрдім, көріп жүрмін. Өмірі - өмір емес, жəй тіршілік үшін күрес боп кеткен. Иə! Өзгергісі келеді. Жаңадан өмір бастап көргісі келеді. Бірдеме бастайтын десе ақша жоқ, несие сұрап банкке барса - о жақ, кепілге зат-мүлік сұрайды. Не істейді? Кіжінеді. Басындағы қиындықтарды біреуден, биліктен көреді, шеруге бірінші боп шығатын да осындай азаматтарымыз. Себебі жоғалтар дүниесі жоқ.

Осындай қарсылық көңіл-күйдегі, жағдайы өте төмен отбасыларды не етуге болады? Пікір пішен. Сол көп пайым-ұсыныстың ішінде, маған Маңғыстау облысы әкімінің "Бизнес 3 күнде" жобасы көңілге қонымды көрінді. Бұл проект несімен басқаша дейсіз бе?

Кез-келген қазақтың өлді дегенде əйелі жақсы тамақ пісіреді иə? Неге сол, тəтті тоқаш, торт пісіре алатын қабілетін бизнеске айналдырмасқа?! Өөөй, пеш керек, крем керек дейсіз бе? Проблем жоқ, керек техниканың бəрін əпереді. Азық-түлік, ұныңызға дейін əкеп береді. Ойбай, тортымды, тоқашымды кім алады,-дейсіз бе? Магазиндермен сөйлесіп қоямыз, о жақтағылар күндегісін күнде сатып алып тұрады,-деп отыр. Тек сіз жасап тұрыңыз. Былайша айтқанда, қай кәсіпке икеміңіз бар, сəл-пəл үйретіп-үйретіп жібереді де, бизнесті дайын күйде қолыңызға ұстатады. Шаруаңыз дұрысталып кеткенше, 1 ай бойы, бар жағынан жәрдемдеседі де. Міне, "Бизнес 3 күнде" дегені осы...

Бір қызығы, бұл жобаға – желілік маркетингтің тәсілдерін кеңінен қолданып жатыр. Мысалға, 1-2 ай ішінде кəсібіңіз қарқынды дамып, аяққа тұрып кеттіңіз дейікші?! Енді сіз, бизнес-жетекші болып, жағдайы төмен отбасыларды кәсіп ашуға шақырып, оларға бизнесті жүргізуге көмектесе аласыз. Ол адамдарыңыз, кәсібін дөңгелетіп әкетсе, жетекшілік жасаған сізге, əлгілердің әрқайсысы үшін қаржылай марапат беріледі. 100 мың теңге ма, сондай... Керемет қой?!

Кереметтігі сол, сіз ақша аласыз əрі тығырықтан бір бауырыңызды шығарасыз! Ол енді өле-өлгенше сізді сыйлап өтеді. Міне, бұл жоба кəсіпкерлікпен қатар, бауырмашылдықты да арттырады екен. Бұл бір. Екінші жағы бар! Осы маркетинг жүйесінің арқасында, кәсіпкер дайындау міндеті əкімшілік, арнайы мамандардың мойнына түсіп, халық өзі кәсіпкерлер дайындай бастайды. Халықтық науқанға айналып кетеді...

Аталмыш жоба – мемлекеттің бюджетінің бір тиынын да жұмсамастан, өңірдегі мецанат-кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Енді айтыңызшы?! Осындай жоба, бүкіл облысқа керек емес пе? Не дейсіз?

Нұрбек Бекбаудың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297