Сенбі, 30 Қараша 2024
46 - сөз 5601 9 пікір 29 Сәуір, 2019 сағат 12:57

"Әділ сайлау" қоғамдық штабтарын құру керек

Қазақстанның патриоттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін!  Бұл - менің берік ұстанымым!  Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін.

Қадірлі Отандастар!
"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!" - деген сөздерін негізге алып, жер-жерлерде "Әділ сайлау" қоғамдық штабтарын құру керек.
Сайлаудың әділ өтуіне Конституцияның гаранты - Президент мүдделі екенін көріп отырсыздар.
Ендеше елін сүйетін әрбір азамат сайлаудың әділ өтуіне мүдделі болуы тиіс.

Орталық штаб ретінде «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорын ұсынамын. Егер қоғамдық қор басшылығы келісімін беріп жатса сайлау кезіндегі заң бұзушылық фактілері осы қордың эл.почтасына жіберілуі керек.

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1609
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3445
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6861