Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 6439 8 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 10:38

Сергей Аксенов: "Назарбаев қазақтың ұлттық мемлекетін құруға қол жеткізді"

Ел Президентінің өз еркімен өкілеттігін тоқтатуы солтүстіктегі көршіміздің саяткерлеріне «Назарбаевтың саяси мұрасы» атты тақырыпқа өзек болды. Мәскеуде 25 сәуірде үкімет басшысы Асқар Маминнің Дмитрий Медведевпен әріптестік туралы келісіміне көңіліне толмаған топ, Путиннің реваншистік мүддесін танытатын жарияланым мен мәлімдемелер жасауға көшті. Онда Назарбаевтан кейінгі қазақ еліннің бір бөлігін Ресейге қосып алуға шақыру сөз болған. Біз тек сондай жаршылардың бірі Сергей Аксеновтің «Русская Планета» медиа басылымдағы 29 сәуірде шыққан «Қазақстан орыстардан құтылып жатыр» («Казахстан избавляется от русских») атты мақаласында айтылған ойлары мен өзге басылымдардағы шетін пікірлерге тоқтала кетпекпіз.

Бабаларымыз «Орыстан досың болса, айбалтаң қасында болсын» деген аталы сөзін естен шығармағанымыз жөн. Өйткені, Ресей реваншистік саяси рельске баяғыда түсті. Әуелі шешендерді өз еркіне жібермей күшпен ауыздықтады. Кейін Гүржістанның қос автономды республикасын өзіне вассал етті. Одан кейін Украинаға ауыз салды. Кезек қазаққа келіп тіреліп отырған жайы бар. Бұны тек саяси бейкүнә жан ғана білмейді.

Елбасымыздың биліктен кетуі Ресейді біраз уақыт дал еткенімен, енді есін жиып, жаңаша ақпараттық шабуылға көшірді.

Сонымен, «Назарбаев мұрасы» деген жаңа тақырып тауып алған қазақ жерінен үміттілер не дейді, сол турасында сөз етейік.

Осы уақытқа дейін Ресей оңтүстік шекарасында өз илеуінен шықпайтын әріптесі болғанға мәз болып келді. Қазақ ұлтшылары итше тепкілеп, өзектен теуіп елінен қуған орыстардың тағдырын соңғы 25 жылда мемлекетаралық әріптестік пен қауіпті ОА, ең бірінші кезекте Ауғанстандағы буферлік аймақ болып табылу және ЕАЭО аясындағы ұсақ-түйек алыс-беріспен бүркемеленіп келді. Десе де ерте ме, кеш пе Назарбаев кететінін бәріміз білдік. Бірақ оның осы аймақтағы орыстар үшін қалай болатынын ешкім ескерген жоқ.

Сыртқы күштер "қазақты шыдамы таусылып, өре көтеріледі" деп жүргенде бәрі бейбіт жолмен шешіліп кетті. Бұған Ресей дайын болмай қалды.

Әзірше Қазақ елінде биліктің ауысуы толық қарқында жүріп жатыр. 2020 жылдың сәуіріне белгіленген сайлау, 9 маусымға ауыстырылып, Ресейге жауыға қарайтын жаңа топтың билікке келуі ықтимал бола түсті. Орыстардың көзімен қарасақ, Назарбаевтың алдауына түсіп келген орыс адамдарын қандай сын күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.

Сергей Аксенов осы биліктің ауысуына қатысты өз ойын былайша білдіреді: «Токаев – транзитная фигура, не лидер, на Медведева похож», - утверждают знатоки казахстанских реалий. И если в России слабого Медведева вновь сменил сильный Путин, то в Казахстане обратной рокировки уже не будет.

Это понимает и сам Назарбаев, и поэтому озаботился тем, чтобы хотя бы на время «прикрыть» своего протеже. Ради этого он изменил закон, поставив над президентом главу Совета безопасности с полномочиями, позволяющими ему царить над всеми ветвями власти сразу.

Кроме того, накануне объявления о сложении президентских полномочий Назарбаев задействовал политический «громоотвод» - отправил в отставку правительство в полном составе. Теперь возможное недовольство легко купировать переводом стрелок на министров-отставников.

Предпринимая все эти важные, но технические меры, Назарбаев озаботился тем, чтобы накачать свой и без того немалый авторитет. Введенный им титул Елбасы – отца нации – недосягаемая вершина для бывшего сталевара и парторга карагандинского металлургического завода. Выше, чем президент, выше, чем хан. Многие казахстанцы так это и воспринимают. Недаром во многих городах установлены позолоченные контррельефы его ладоней. Если приложиться к оттиску и загадать желание – оно сбудется, верят люди. Какое-то время этот авторитет будет работать на Токаева».

Әрине, орыс сарапшысы өз ойын айтты. Мүмкін шындығында да ол айтқандай орыс пен орыстілділер ауыр жағдайға қалып отырған шығар. Өйткені, осы уақыт аралығына дейін Елбасы биіліктің тілін тауып, Солтүстік Қазақстанда «КрымНаш»-ты болдыра қойған жоқ. КСРО тарағанан кейінгі бұрынғы шекараны қайта қарау мен қайыра жер бөлінісіне көшуді талап ете бастады. Мұнысы да рас.

Сергей Аксенов тағы не дейді?

"Енді Бірақ саналы азаматтар ежелгі орыс жерінің қазақта қалып отырғандығына қарсы шыққанымен қазақ билігі оларды түрмеге тоғытып отырды. Соңғы 25 жыл ішінде бірнеше осындай әрекет орын алды. Ең белгілісі өз жері үшін күрескен Казимирчук тобының  мүшелері ұзақ мерезімді жазаға кесілді. Оларды елге қайтару ешкімнің ойына кіріп шықпайды.

Өз еліндегі ұлтаралық өртті оңай өшіріп, республикадан бірте-бірте орыстарды түре қуа отырып, Назарбаев ұлттық қазақ мемлекетін құруға қол жеткізе алды. Ұзақ жыл бойы орын алған орыстарды ұлттық азшылыққа айналдырған процестің нышан-белгілері өте көп. Соның бәрі асқан айлакерлікпен бұрынғы елорда Верныйдан Целиоградқа астананы көшіруден бастау алды. Елдің Ресейге бүйрегі бұратын солтүстіктігін саяси орталыққа айналдыру арқылы бұрынғы зәлім  «партаппаратчик» орыстанған өңірге жаңа қазақ ұлтының тамырын жайдыра білді. Жаңа қазақы атаулар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптады.

Таяуда ғана орыс тіліні кемсітетін заң қабылдаған бандершылардан айырмашылығы Назарбаев орыс тіліне ашық шабуыл жасамай отыр. Керісінше, оны шартты түрде мемлекеттік тілге айналдырып, кез келген сәтте орыс тілі бізде қорғалған деп сайраумен келеді. Енді он жылдан кейін қазақ тілі латынға біржола көшеді. Тіпті төл теңгелеріндегі орысша жазуды көпсініп алып та тастады. Айта берсең, бұның барлығы орыс тілін белінен басу емес пе!?

Тағы бір үрдіс орысқа қарсылық Украинадағы сияқты енді бұрынғыдай тұрмыстық деңгейде емес, саяси деңгейге көтеріліп, «қазақ голодоморы» саяси аренаға шығарыла бастады. Бұл – орысфобиялықтың алғашқы қарлығашы. Осылайша әр қалада ескерткіш орнатылып, енді кешікпей осы трагедияға елде тұратын орыстар кінәлі деп табылады. Егер олардың көпшілігіне РФ қолдау көрсетпесе, елден қашуға мәжбүр болады.

ОА, ҚХР және Моңғолиядағы этникалық қазақтарды Қазақстанға оралтудың нәтижесінде оларды әдейі тек солтүстік өңірлерге қоныстандырды. Егер ұлтараздық конфликтілері орын ала қалса, 3 миллондай жаңа қазақтар бірінші болып, орыс тағы басқа да өзге ұлттарды Ресейге қуатын болады.

Өз мақаласының соңында Сергей Аксенов мырза «В этих условиях, возможно, у Москвы останется единственный выход – срочно раздать соотечественникам российское гражданство и принять их на родине. По аналогии с тем, что случилось сейчас на Донбассе. Готовиться к такому повороту событий стоит начинать уже сейчас. Пока не поздно» деген түйіндеу жасайды.

Түйін

Қазіргі таңда Назарбаев саяси мұрасын қазақ – бір бөлек, батыс – бір бөлек, ал, орыстар – өзінше бағалап жатыр. Осыдан-ақ, әркімнің өз шындығы бар екенін аңғарамыз.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053