Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
5807 4 пікір 1 Мамыр, 2019 сағат 10:04

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының урбанистика орталығында болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық геоақпараттық орталықтың, «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтының, Алматы даму орталығының және «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының жұмыстары туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы қаланы одан әрі абаттандыру жоспарымен танысып, шаһардың 3D-көрінісіндегі голографикалық пішінін қарады.

Қазақстан Президентіне Алматы индустриялық аймағындағы негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Мұнда жапон, корей, қытай, неміс және басқа да шетелдік инвестициялар есебінен 5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген, құны 144 млрд теңге болатын 39 жоба іске асырылуда. Индустриялық аймақта бірнеше жоба орналастырылған. Атап айтқанда, «Hyundai Trans Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, электр автобустарын шығаратын «Falcon Euro Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсібі, қалдықтарды сұрыптау кешені сияқты кәсіпорындар.

Соңында Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2785
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854