Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5274 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 08:27

Абыралы ақиқаты айтылса екен

Сейітмұхамет ТӘБӘРІКҰЛЫ, алаштанушы, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

Қазақстанға және қазақ халқы­на орасан зор қасірет әкелген Семей атом полигонына биыл 60 жыл болды. Кеңес қоғамы 40 жыл бойына мұнда не болып жатқа­нынан беймағлұм еді. Милита­ристік пиғылдағы КСРО-ның әс­керилері мен басшы шенеуніктері халықтың мұң-зарын ескерместен, ойларына келгенін істеп бақты.

Жер бетінде өмір сүрген әрбір ақылды кісі жағдайды түсінуге әре­кет етпек. Ақыл - Алла тағаладан адамға аманатталған игіліктердің ең ұлығы екені ақиқат. "Ілімдердің әуелгісі - Алланы тану" деп те бекерге айтылмаған.

Демек, полигон жөнінде ой түйіп, сөз қозғау үшін өткеніне үңі­лесің. Әсіресе, бүгінгі таңда поли­гон жаршысы болу азаматтық ортақ борыш екеніне бас ұрасың. Тарих­тың сабағына жүгінесің.

ХХ ғасырдың бірінші жарты­сын­да әлемде әрқилы оқиғалар бол­ды. Екінші дүниежүзілік соғыс­тың соңын ала Америка Құрама Штаттары Жапонияның екі қала­сына атом бомбасын тастады. Бәл­кім, осылардың әсерінен болар, Кеңес өкіметінің 1947 жылы 21 тамызда ядролық сынақ полигонын ашу туралы қаулысы шықты. Соған сәйкес қазақ жеріндегі Семей, Пав­лодар және Қарағанды облыста­рының жерінде (57, 39 және 7 пай­ыз жер көлемі) ұлан-байтақ ай­мақты қамтитын жер, су полигонға берілді. Абыралы жері, Дегелең бойында "Москва-400" № 52605 әскери бөлім орнықты.

Сейітмұхамет ТӘБӘРІКҰЛЫ, алаштанушы, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

Қазақстанға және қазақ халқы­на орасан зор қасірет әкелген Семей атом полигонына биыл 60 жыл болды. Кеңес қоғамы 40 жыл бойына мұнда не болып жатқа­нынан беймағлұм еді. Милита­ристік пиғылдағы КСРО-ның әс­керилері мен басшы шенеуніктері халықтың мұң-зарын ескерместен, ойларына келгенін істеп бақты.

Жер бетінде өмір сүрген әрбір ақылды кісі жағдайды түсінуге әре­кет етпек. Ақыл - Алла тағаладан адамға аманатталған игіліктердің ең ұлығы екені ақиқат. "Ілімдердің әуелгісі - Алланы тану" деп те бекерге айтылмаған.

Демек, полигон жөнінде ой түйіп, сөз қозғау үшін өткеніне үңі­лесің. Әсіресе, бүгінгі таңда поли­гон жаршысы болу азаматтық ортақ борыш екеніне бас ұрасың. Тарих­тың сабағына жүгінесің.

ХХ ғасырдың бірінші жарты­сын­да әлемде әрқилы оқиғалар бол­ды. Екінші дүниежүзілік соғыс­тың соңын ала Америка Құрама Штаттары Жапонияның екі қала­сына атом бомбасын тастады. Бәл­кім, осылардың әсерінен болар, Кеңес өкіметінің 1947 жылы 21 тамызда ядролық сынақ полигонын ашу туралы қаулысы шықты. Соған сәйкес қазақ жеріндегі Семей, Пав­лодар және Қарағанды облыста­рының жерінде (57, 39 және 7 пай­ыз жер көлемі) ұлан-байтақ ай­мақты қамтитын жер, су полигонға берілді. Абыралы жері, Дегелең бойында "Москва-400" № 52605 әскери бөлім орнықты.

1949 жылғы 29 тамызда Дегелең тауы баурайында алғашқы атом бомбасы сынақтан өтті.

Дәл сол күндері біздің отбасы­мыз Аягөзден Абыралының Қайна­рына көшіп келген. Қайнар орта мектебінде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде кешкі жастар мектебінің инспектор қызметіне облыстық оқу бөлімінің жолдамасымен орна­ласқан едім.

Дегелең аспанында жүйткіп ұшып жүрген әскери ұшақтарды тамашалап, аспанның қызылкүрең алауына аңыра қарап, еш қаперсіз күйде жүретінбіз... Жарылыс гүрсілі мен аспан-көкке бойлаған саңы­рауқұлақты да аузымызды ашып, көзімізбен көрсек те жат пиғылды ойға алмағанбыз. 1950 жылы сәуір­де әскер қатарына шақырылып, 1953 жылдың қараша айына дейін Тынық мұхиты әскери-теңіз фло­тын­да азаматтық борышымды өтеп, елге оралдым.

Абыралыдағы елге сағынышпен келгенмін. Өзім білім алған Қайнар орта мектебіне 9 сыныптарға мате­матика 10 сыныптарға тарих пәні­нен ұстаздық еттім. Зайыбым Күн­тай да сол мектепте, бастауыш сы­нып­тың мұғалимасы еді. Әкем Тәбә­рік жасы жетпіс жастан асса да еңбектен қалмаған, шешем Қадиша аудандық емханада кір жуушы еді. Қуат және Талғат есімді екі сәбиі­міз өмірге келген, қарындасым Би­ғайша оқушы-тын.

Сол бір шақта отбасымыздың асыраушысындай, үй тұрмысының ауыртпалығын көтерген зайыбым Күнтайдың полигон сынағы жай­ында айтқан әңгімесі жадымда жат­талып қалыпты.

- Жаздың аптап ыстығы, та­мыз айында Қайнарға әскери ауыр мәшинелер қаптап, жұртты әбігерге салғаны бар-тын, - деп еске алды. - Біздің үймен жапсарлас орталық ұзын көше бойындағы қоржын үйлердің екі-үшеуіне бір мәшине бөлініпті. Бірнеше күндік азық пен көрпе-жастықтан өзге дүниелеріңді үйлеріңде қалдырасыңдар, қолда­ры­ңыздағы азын-аулақ малдары­ңызды бірер күн бұрын бір табынға жинап, барар жерге айдап жеткі­земіз деп нұсқау берілген-ді. Жасы егде, ауру-сырқауы бар, жас туған сәбилі отбасылар үшін ауыртпалық түсті. Белгіленген мерзімде көшу керектігінен, дікіңдеген талаптан сасқалақтап, не керегін біле алмай дал болған жәйімізді айтып жеткізе алмаспын. Есік, терезені қараңғы­лап, тұмшалап, мұржаны сыртынан киіз не ескі-құсқымен бітеулеп әбі­герге түстік. Әсіресе, емшектегі бір жастан сәл асқан мына Талғатым емшек сүтіне жарымай, шырылдай жылап, сүт іздегені жанымызға бат­қан-ды. Ол күндері пәк періште сәбидің сол бір шырыл қаққаны лағынет үнінің бастауы болғанын кім ойлапты? Қуатымызды нағашы апасы мен ағайым бауырларына салып, Көкшетауға алып кеткен-ді. Талғат шырылдаса атасы мен апасы да қоярға жандарын таппай, аңы­райтын. Тіпті, Отан үшін жасалып жатқан шара ғой деп, несіне болса да қабақ шытпақ емес еді. Артық-ауыс бейпіл сөз, оғаш мінез, жат қылықтар болмайтын. Қайсар­лықпен, төзімділікпен тағдырға көне жүріп, мұғалімдікті атқардым, деп сыр ақтарғаны бар. Әрине, мұндай жәйт жалпының басына түскен ауырлық, пешенесіне бұй­ыр­ған тауқыметті тірлік деп түсін­ген-ді.

1956 жылдың қарашасында Семей облыстық партия комитеті менің кандидатурамды Абай ау­дандық комсомол комитетінің бі­рінші хатшылығына ұсынды. Ау­дандық комсомол ұйымының жетек­шісі ретінде аудандық партия комитетінің бюро мүшелігіне, ау­дандық кеңес депутаттығына сай­ландым. Ол тұста Абыралы ауда­нын тарату туралы жоғарғы жақтың жоспарынан бейхабар едік.

Тек жаз айында Дегелең бойы­на Мыржық сыртынан байырғы тұрған ел-жұрт еріксіз көшірілген болатын.

Ұлылар туған киелі топырақ, қасиетті елде жастық шағымыз өтіп жатты. Сол жылдар Семей жерін­дегі Абыралы ауданын құрбандыққа шалған ядролық сынақ өткізетін полигон қасіретін төндіріп, уын жайлатқан мезет екен. Біз бірақ олай түсінбедік. Абай ауданының Қайнар, Социалистік Қазақстан шаруашылықтары мен Дегелең бойындағы ауылдар қосылып, екі аудан Абай ауданы болып бірікті. Бірден бауырласып, тағдырлас жұрт тату-тәтті табысқан-ды.

Жергілікті ақын Төлеген Жан­ғалиев жырына қосқандай:

Адам көзі көрмеген елден едік,

Еркімізді дінсізге берген едік.

"Атом" деген аждаһа ауызында,

Ажалсыз-ақ аяусыз өлген едік...

Абыралы, Абайдың қалың жұрты,

Қайғырады бірі өліп, бірі сорлап.

Қырық жыл қуғын көрген ел жүрегін,

Қандай күш, қандай адам жылыта алмақ?!

Демек, біздің отбасымыздан Ғалым мен Аманжол есімді екі сәбиім мен Тимур атты немерем, Биғайша қарындасым, Зылиха апайым 54 жасында рактан, әкем мен анам мезгілсіз қайтыс болға­нының сырын кейіндеп түсін­гендейміз...

Партия жұмсауымен Ақсуат, Новопокровка, Аягөз, Шұбартау және Жаңа Шүлбі аудандарында басшылық қызметтерді жан сала адал орындаумен туған ел мен жер­ден біршама уақыт шалғай жүруіме тура келді. Десе де, қайда жүрсек те туған елдің тағдыр-талайына құ­лақ түріп, тілегім де, жүрегім де атамекен деп соғатын еді. Осында жер бетінде сутегі бомбасы жарылғанда Қайнар елді мекенінде 42 адам әдейі қалдырылыпты. Оларға арнайы тапсырма берген болып, алдаусыратып, "сынақ қоян" боларын сездірмеген көрі­неді. Солардың бірде-бірі тірі қал­мапты. Геноцид деп осындай жәйттерді айтуға болатын шығар. Ең көп доза алған Қайнар мен Саржал тұрғындары екенін ға­лымдар да мойындады. Эколо­гиялық апат 15 буынның өмірін топалаңға түсіретін түрі барын да ғалымдар жасыра алмады. Адамдар жүйкесіне, санасына салмақ түсті.

Өйтпегенде ше? 1987 жылы 12 ақпанда 4000 микрорек/сағат улы газ жерді жарып, ауаға жайылған. Семейде-21-ге жеткен. Әлі де 18 жарылыс жоспарланған екен. Осы тұста 1989 жылғы 28 ақпанда Алматыда Жазушылар одағы үйі алаңында митинг өтті. Оған қаты­сып тыңдағаным, көзбен көргенім есімде. Осы жиында АҚШ, Фран­ция мемлекеттеріндегі ядролық қаруды сынауға қарсы қозғалыс күштерімен бірігуге арналған ше­шім қабылданды. Осыдан соң "Невада-Семей" қозғалысы арнайы қоғамдық ұйым ретінде мемле­кеттік тіркеуден өтіп, оның пре­зиденті болып әйгілі ақынымыз Олжас Сүлейменов сайланды. Ол "Жарылыс тоқтатылсын!", "Поли­гон жабылсын!" деген жалынды ұран тастап, белсене іс бастады.

ХХІ ғасырды әлем бойынша атом қаруынсыз бастайық деген үн шарлады. 1989 жылға дейін амери­калықтар барлығы 921 жарылыс жасаса, КСРО 500-ден астам сынақ жары­лысын өткізіпті. Ал жарылған бом­баның күш-қуаты жағынан Кеңес одағы 2,6 есе озық шыққан.

Міне, осы кезде Кеңес одағы Жоғарғы Кеңесінің жалдамалы депутаты полковник шеніндегі Петрушенко деген әумесердің: "Семипалатинский ядерный поли­гон - самый чистый в мире, что проводимые в нем испытания аб­солютно безвредный", деп бай­балам салғаны бар.

Дәл сол тұстағы Абыралы еліне тапсырма бойынша барып, көзім­мен көріп, өз құлағыммен тыңдаған ел-жұрт, үлкен-кішінің ашынған сөздері мен күйлеріне күйзелгенім де анық. Сол әсерден "Семей таңы" газетінің 1990 жылғы 1 қыр­күйегіндегі нөмірінде "Полигон және туған жер" деген өлең-нала жарық көрген болатын.

Нені көрдім, нені сездің, жүрегім?

Барғанда елге құлағандай тірегім.

Қасірет шегіп, ажал құшқан талайлар

Жайғанда алға жүздеп-мыңдап дерегін...

Абыралының кәрі-жасы жар салып,

"Полигонды жабу үшін" жан салып,

Үндеу алды, жер шарына жолдады

Сол үндеуде көз жасы бар қаншалық?!

Әлемге әйгілі ғалым А.Д.Са­харовтың қазақстандық жарты мил­лион адам құрбан болғанын мойындап, Кеңес өкіметіне ашық та батыл үн қатқанын оқыдық. Белгілі ғалым Сайын Балмұханов полигон зардаптарын батыл әшке­релеуде үлкен еңбек етті. Оны "Атом полигоны менің көзіммен" деген еңбегінен оқуға болады. Ға­лым Б.Атшабаров та тынбай әшкерелеуші болды.

Ақыры, 1989 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полиго­нында жарылыстар жасатпау жө­нінде Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі болды. Екі жылдан кейін полигонды біржолата жабу туралы Елбасы Жарлығы шықты.

1990 жылғы желтоқсанның 15-інде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Семей облысының құрамында Абыралы ауданын қал­пына келтіру туралы шешім алын­ды. Абыралы ауданы қайта ашыл­ды. Елім деген азамат үшін ең қа­дірлі де қастерлі туған мекені. Абы­ралы деген аты өзіне қайта оралды. "Дауасы табылған дерттің - түбі қайыр" деуші еді халқымыз.

Абыралы жұртының көрген қорлық-қасіретін ет жүрегімен езіле сезініп, өз қайғысындай қабылдап, кісілік танытқан облыс басшысы Кешірім Бозтаев марқұмның да ерекше қайраткерлігі мен ерлігі алтын әріппен тарихқа жазылар. "Семей полигоны", "Қайнар син­­дромы" "29 тамыз" атты кітапта­рын бүгінгі, келер ұрпақ еш ұмыт­пас та. Тарихты адамдар жасайды. Абыралы (Қайнар) елінің азалы тарихын болашақ үшін мұқият зерделеп, тарихи мекен, жансебіл жұрт ретінде ерекше мәртебе берер нақты шешім қажет екені анық. Абыралы ақиқаты әлі айтылып бітпеген тақырып.

 

*Ядролық сынақтардың үйреншікті бір көрінісі осындай еді.

 

Тажалды тұншықтырған Елбасына мың да бір рахмет

 

Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Қазақстан жолы" деген еңбегінің соңында былай деген: "Мен әрбір кеш сайын өзіме-өзім "Бүгінгі күнді дұрыс өткіздім бе?" деген сұрақ қоямын да, соған жауап беруге тырысамын. Мен үшін, Пре­зидент үшін, бұл сұрақ: "Менің отандас­тарымның өмірін жақсарту үшін барлығын істей алып отырмын ба?" дегенді білдіреді. Бұл - менің ұстанымымның негізі".

Мен Елбасының халқына берген есе­біндей кітабын оқып, жерлесіміз Н.Айтұлы­ның "Бәйтерек" деген толғауынан мына бір теңдеулерді келтіруді қажет деп таптым.

Жеткізбес құдай сүйсе баққа кімді,

Қарыны ақ түйенің ақтарылды.

Ат шаптыр, аруақ шақыр, тойла, қазақ,

Тәуелсіз Президентің таққа мінді.

Кең ашып берекелі есігіңді,

Түзетіп тербете бер бесігіңді.

Сан ғасыр бұршақ салып мойныңа,

Құдайдан тілеп едің осы күнді! -  деп егемендікке қолымыз жетіп, тәуел­сіздік алғалы бері Н.Ә. Назарбаевтың сара басшылығының арқасында талай-талай бе­лес­тен өтіп, қиындықтар мен ауырт­палық­тарды артта қалдырдық.

Осы еңбегінде көрсеткендей, Елбасының халқымыздың өмірін жақсарту жөнінде жүргізген жұмыстары ұшан-теңіз. Соның бірі, тіпті бірегейі, Семейдегі қазақ жерін қасірет­тен құтқарып, Семей ядролық сынақ поли­гонын жабу туралы Жарлық шығаруы. Қазір­ге дейін менің жүрегім ауырады. Өйткені, мен 1977-1985 жылдар арасында бұрынғы Семей облысына қарасты Шұбартау ауданында аудандық кеңестің төрағасы болып жұмыс істедім. Жойқын қарудың түр-түрі 40 жыл бойы жердің үстінде де, астында да, атмос­ферада жиыны 500-ден аса сыналып, мыңдаған адамның өмірін қиды, он мыңдаған адамды мүгедек жасады. Сарапшылардың әртүрлі бағдарлауы бойынша, полигонға жақын орна­ласқан үш облыстың 1,2 миллион тұрғындары радиациялық сәуле зардаптарына тап болды.

Бұл Кеңес өкіметінің Қазақстанның жері көп деген қатыгез солшыл саясатының сал­дары ғой. Ол саясатқа тойтарыс беріп, ядро­лық полигонды жабу оңайлыққа түскен жоқ. Өйткені, ол Кеңес одағы тарамай, КОКП Орта­лық комитетінің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған кезі болатын. Міне, осындай талас-тартыстарда Кремльдің ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, Н.Ә.Назарбаев асқан көрегендік, зор ақылдылық көрсе­тіп, КОКП Орталық комитеті басшыла­рын көн­діріп, Семей ядролық сынақ полигонын жапты.

Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен Семей өңірінің халқына оңалу көмегін көрсету тура­лы 2005 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Бас Ассамблеясының қарары қабыл­данды.

Елбасының халқының қамын ойлаған тынымсыз салиқалы жұмысының үнемі нәти­желі болып, қазақ халқын бүкіл дүние жүзі танып, оны әлемдегі үздік Мемлекет басшы­сының бірі деп санауына біз қатты қуанамыз. Нұрсұлтан Әбішұлының деніне саулық, отбасына бақыт тілейміз.

Мақан АЙТЖАНОВ, дербес зейнеткер, Тарбағатай  ауданының құрметті азаматы.

 

Полигонның қасіретті шежіресі

 

Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесі және КОКП Орталық Комитетінің қаулысымен қабылданды.

1947 жылғы 21 тамызда Таулы сейсмикалық станса құрылды (905-ші нысан), ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштерінің Оқу полигоны, кейіннен №2 (ГОС-ЦНИИП 2) Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу сынақ полигоны болып өзгертілді.

1948 жылғы 1 маусымда полигонның алғашқы бөлімшелері (52605-әскери бөлімі) шоғырлану аумағына орналасуын бастады.

Полигондағы сынақтарға дайындалу бойынша жұмыстар 1949 жылдың шілдесінде аяқталды.

1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 7.00-де ойдағыдай сыналған кеңестік алғашқы ядролық бомба, 1953 жылғы 12 тамызда алғашқы термоядролық құрылғы, 1955 жылғы 29 қарашада сутекті бомба Семей полигонын ластаудың кезеңдік бастаулары болды.

Радиоактивті ластанудың ең жоғары ауқымы 1953 жылғы 12 тамызда қуаты 400 кт. жерүсті  термоядролық жарылысынан соң байқалды. Есептеу нәтижесі бойынша радиоактивті ластануға  жол берілді, оларға Қазақстанның шығыс бөліктері, Алтай өлкесінің шығысы, Новосібір және Кемеров облыстарының бөліктері жатады. Бұл жарылыстың ізі Байкал көліне дейін жеткен.

1989 жылдың 28 ақпанында "Невада-Семей" қозғалысы құрылды.

1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Семей полигоны жабылды.

 

 

 

*Ядролық сынақтар зардабын шеккендердің ашу-ызасы шексіз еді.

 

ДЕГЕЛЕҢ ДІРІЛДЕМЕЙДІ

 

Үстіміздегі жылдың 28 ақпанында халықаралық ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей" қозғалысының құрылғанына 20 жыл толды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 0001 нөмірмен тіркелген бұл қоғамдық ұйымның құрылуы Семей полигоны жабылуының бастауы болды деп айтуымызға болады. Қазақстан Республи­касының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемдік қауымдастықты елең еткізіп, әлемдегі ең ірі полигондардың бірі - Семей полигонын жабу туралы Жарлығын шығарды. Бұл Жарлық біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігін, Елбасының елі жолын­дағы ерлігін айғақтайтын айтулы құжат болды.

Ядролық сынаққа қарсы қозғалыстың ардагер­лерінің бірі ретінде мен соңғы жылдары көптеген халықаралық конференциялар мен жиындарда болып жүрмін. Әртүрлі елдерден келген өкілдердің біздің ел жайлы пікірлерін естігенде өз халқым, өз мемлекетім үшін, осы мемлекетті басқарып отырған Елбасы үшін жүрегімді мақтаныш кернейді. Тек қана биік мінбер­лерден айтылатын жаттанды сөздер емес, халық ара­сын­да айтылып жүрген пікірлердің өзі бүгінгі  жары­лыс­сыз өткен жиырма жылға халықтың ризалығын аң­ғартады.  Бүгінгі таңда біз Семей полигонының жа­былуы біздің еліміздің экономикалық тұрғыдан да­муы­ның  жаңа  кезеңіне аяқ басуы деп  айтуымызға бола­ды. Елбасының Жарлығымен 1992 жылы   Семей ядро­лық полигоны "Ұлттық ядролық орталық" болып қайта құрылды да атомды бейбіт мақсатқа қолдану жаңа ба­ғыт­қа көшті.  Бүгінгі таңда Курчатов қаласын­да яд­ро­лық технологиялар паркі ашылып, ол атомды бей­біт мақсатқа пайдаланудың жаңа алаңына айналып отыр.

Алайда, халықаралық жарылысқа қарсы "Невада-Семей" қозғалысы және басқа да қоғамдық ұйымдар Жер планетасындағы басқа да полигондарды жабу мақсатына байланысты белсенді жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, жер жүзінде экологиялық тазалықты сақтау қозғалыстың негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Бұл орайда  Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми қызмет­керлерімен бірлесе жұмыс істеу жолға қойылған.

Сұлтан КАРТОЕВ, "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті, Семейдегі коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясының президенті.

 

Естеліктен ғана естідік

 

Семей өңіріне ажал уын сепкен полигонның үні өшкеніне де 20 жылдың жүзі болды. Семей жерінің селкілдемегеніне де 20 жыл. Сол 1989 жыл дүниеге келген ұрпақтардың бірі мен 20 жасқа келдім. Бізге полигон, сынақ, ядролық жарылыс деген ұғымдар естелік күйінде ғана жетті. Жарылыс үнін, Жер-Ананың күңіренген күрсінісін естімей өскен біз бақытты ұрпақ екенбіз деп ойлаймын. 1949 жылғы 29 тамызда тұңғыш рет жасалған жарылыс кезінде атам Жанғаскин Кенжеш Абыралы аудандық НКВД бөлімін басқарған көрінеді. Сол кездегі зобалаң жайлы сөз қозғалса аракідік естелік айтып отыратын.

- Сынақ жүргізілген ұңғымаларға да түсіп көрдік. Арнайы киімдер кигізіп, жер астын аралататын. Халық арасында дүрбелең тумау үшін түсінік жұмыстарын жүргізетінбіз. Алғашқы сынақ болғанда үйдегі жануарлардың жүндері түсіп, жалаңаш қалғандарының да куәсі болдық. Аузы-мұрындарынан қан кетіп, аяқ асты ауруға ұшырағандар болды. Бірақ мұның барлығы сынақтың салдары деген жан болмады, - дейтін.

Менің әкем 1949 жылы  қазан айында Қайнар ауылында дүниеге келген. Ол кезде сынақ ашық ауада жасалыпты. Жас кезінде білінбеді ме , әлде "полигон" деген ұғым "жеті құлыптың астында" болған соң ба аурушаң болса да сырқатын сынақпен байланыс­тырған емес.

Уақыт өте, есейе келе полигон сынағы, ядролық жарылыс деген ұғымдарды баспасөзден оқып, теледидардан көргеннен кейін біздің даламызда қандай сұмдық жойқын жарылыс болғанын түсіндік.

Полигон жабылды. Осымен іс бітті деп ойлау қате, әрине. 40 жыл адам денсаулығына келген зиян үшін беріліп жатқан өтемақы, Семей полигоны аумағын сауықтыруға арналған мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар сынақтан зардап шеккен халыққа деген әлеуметтік қолдау деп есептейміз. Мұндай қамқорлық әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Тыныштығымыз бен байлығымыз баянды болсын. Жер асты дүмпуін естімей өскен ұрпақ тілегі - бұл.

 

Нариман ЖАНҒАСКИН,  Шәкәрім атындағы СМУ-дің ІІ курс студенті.

Бетті әзірлеген "Егемен Қазақстанның" ұжымдық авторы - "Семей таңы" газеті

«Егемен Қазақстан» газеті 17 маусым 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570